Жаңалықтар

12 тамызда елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

12 тамызда елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: © El.kz 12.08.2023 08:13 840

Синоптиктер 12 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарқынды оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағайлы жаңбыр, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл күтіледі. ҚР батыс жартысына антициклон жотасы оз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа рыйы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42°С өтте қатты ыстық сақталады. Күндіз Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-40°С қатты ыстық сақаталады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақаталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға