Жаңалықтар

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 08.06.2023 13:34 1125

Диас Серіков – курьер. Астана қаласының тұрғыны. Жасы – 19-да. Бүгінде көпке белгілі жылдам жеткізу орталығында жұмыс істейді. Диасқа еріп біз де курьерлердің бір күндік жұмысымен таныстық. 

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Диас күнделікті 12 сағатқа дейін жұмыс істейді. Қалаған уақытында демалып, тапсырыс қабылдайды. Дегенмен, демалыс күндері тапсырыстың көп екенін айта кетті. 

Бұл күні Диас оқуынан шығып, жұмысын сағат 15:00-де бастады. Осы уақытта алғашқы тапсырысы Қабанбай батыр 26 мекенжайынан келіп түсті. Тапсырысты алып, бірден клиенттің мекенжайына аттанды.  

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Ол Қабанбай даңғылынан Жеңіс 4 мекенжайына дейін 7-8 минутта келді. Курьер тапсырысты уақытында клиентке жеткізіп, алғашқы тапсырысын орындады. Осылайша, күнделікті 15-20 тапсырыс қабылдайды. Сәйкесінше, күніне 15-20 мың табыс табады.  

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Диас өткен жылы өзінің маңдай терімен тапқан табысының арқасында өзіне мопед сатып алды. Бүгінде жұмысындағы негізгі көмекшісі – көлігі.

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Клиенттің затын дереу жеткізген соң, кезекті тапсырысын қабылдады.  

Кейде тапсырыс қабылдамай тұрып 10-15 минут үзіліс жасайды.  

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Ол курьерлерлік жұмыстың ерекшелігімен қатар, қиын сәттері де болатынын айтады.

Жылдам тасымалдау бүгінгі қоғамда ең қажетті қызметтердің бірі. Бір жылдан бері осы салада жұмыс істеймін. Курьерлердің жұмысы кептеліс кезінде қиындайды. Қала ішінде жүріп-тұру қиындап, тапсырысты дер кезінде жеткізу мүмкін болмай қалады. Соның салдарынан тапсырыс берушілер наразылықтарын білдіріп жататын тұстары да аз емес. Сондықтан әрқашан жылдам және сапалы жұмыс істеуге тырысамын, - дейді Диас. 

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

2019 жылы Тараздан отбасымен бірге Астанаға көшіп келді. Диас көп балалы отбасында өсті. Үйінің үлкені. Қазіргі таңда  Медицина-техникалық колледжде дантист мамандығының 4 курс студенті. Сабақтан кейінгі бос уақытымда курьер болып жұмыс істеймін дейді.  

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Диас бос уақытында спортпен айналысады, жаттығу залдарына барып, салауатты өмір салтын ұстанатын көрінеді. Оқу бітірген соң, өзінің білім алып жатқан саласы бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

«12 сағат жұмыс істейміз». Курьердің бір күні

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға