Жаңалықтар

«12 мың доллар төлеп, сатып алдым»: Бельгиялық Жәнібектің өгей анасы оқиғасын айтты

«12 мың доллар төлеп, сатып алдым»: Бельгиялық Жәнібектің өгей анасы оқиғасын айтты
Фото: Видеодан кадр 15.04.2024 17:41 12237

Еуропада өсіп, Қазақстанға биологиялық анасын іздеп келген Мұрат (Жәнібек) Савельев Бельгиядағы асырап алған анасы Валеримен сұхбаттасты. Бельгиялық әйел маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бельгияда танысқан келіншек арқылы мен Арқалықтағы балалар үйіне хабарластым. Балалар үйі маған асырап алуға Жәнібекті, яғни сені ұсынды. Мен Қазақстанға келмей тұрып, Бельгияда болғанымда электронды пошта арқылы тек Жәнібектің жалғыз фотосы мен мәліметін алдым. Одан кейін Арқалықтағы балалар үйіне барып, балаларды көргенімде Жәнібекті білмейтін, танымайтын адам кейпін таныттым. Қай баланы асырап алатынымды біліп келсем де, білмегенсіп, өтірік таңдап жүрдім. Өйткені маған солай істе деп айтты, - дейді Валери.

Валери Арқалыққа бармас бұрын бірінші Алматыға қонған. Кейін Астанаға жеткен. 

Арқалыққа мені екі ер адам көлікпен апарды. Шынымды айтсам, қорықтым. Сол екі ер адам мен ...(әйелдің есімі) деген әйелдің үйіне дейін жеткізді. Сол үйде түнедім. Ал Қазақстандағы қай балалар үйінен бала асырап алсам деген таңдайтын мүмкіндік болған жоқ. Бірақ қандай баланы қалайтынымды айттым. Яғни 2-3 жасқа дейінгі ұл бала болу керек дедім, - дейді Жәнібектің асырап алған анасы.

Ол Жәнібекті асырап алу үшін 12 мың доллар төлегенін айтты.

Жағдайдың солай болғанына кешірім сұраймын. Мен сені асырап алу үшін 12 мың доллар төледім. Бала асырап алу үшін ақша төлеу керегін білдім. Бірақ оның заңсыз екенін білмедім. Арқалыққа барғанымда Америкадан келген басқа адамдар да болды. Олар бала асырап алып, 20 мың долларды қолма қол берді. Ол әйел Арқалықтағы балалар үйіне жақын тұрды. Сондықтан мен онымен жақын байланысты болдым. Одан кейін сөйлеспедік. Сен 12-13 жасқа толғанда көбірек мәлімет білгім келіп, ол әйелге электрондық пошта арқылы өзім хабарластым. Бірақ көмектеспеді, - дейді ол.

Бельгиялық әйел Жәнібекті агенттіктер арқылы емес, делдалдың көмегімен асырап алғанын айтты. Құжаттарды дайындау үшін Қазақстанда екі ай жүргенін де атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға