"ҚазАвтоЖол" компаниясы ауа райына байланысты бірнеше өңір жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 25 қазанда Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

