11 мың мемлекеттік қызметшінің 759 млрд теңге берешегі бар
05.10.2022 20:18
Фото:
inbusiness.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) толтыру кезінде жіберілген қателіктерінің салдары жайлы баяндады, деп хабарлайды El.kz
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларында жеке табыс салығы бойынша 759 млрд теңге берешек жиналып қалған.
«Декларацияларды талдау көрсеткендей, өздігінен салық салынатын табыс болмаған жағдайда, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілген. Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажеттігі туралы ескертеді. Қате толтыру анықталған жағдайда декларацияның «Е» бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларацияны тапсыру керек», деп жазылған хабарламада.
Қателер түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін.
Декларацияны дұрыс толтыру сұрақтары бойынша тұрғылықты жердегі мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

