Жаңалықтар

100 жастағы әжей ұзақ өмір сүрудің сырын айтты

100 жастағы әжей ұзақ өмір сүрудің сырын айтты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.03.2024 12:34 914

Жүз жастағы әжей ұзақ ғұмырыдың сырын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Warwickshire World-қа сілтеме жасап.

Тереза Уорд 1924 жылдың ақпанында өмірге келген. Ол өзінің көп ғұмырын үй шаруасымен өткізген. Тек бірнеше жыл ғана бухгалтер болып қызмет еткен. Оның сүйікті хоббиі би болған. Тереза Уорд ұзақ ғұмырымның кілті бимен айналысқанымда деп біледі.

Айта кетейік, әлемдегі ең кәрі әйел Испанияда тұрады. Мария Браньяс Морера 117 жасын тойлаған еді. Ол Гиннес рекордтар кітабына 2023 жылдың қаңтар айында әлемдегі ең жасы үлкен адам ретінде тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға