100 жаңа оқулықты насихаттауға арналған дәріс
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бой көтерген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу тапсырылған болатын.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануына бір жыл толғанда жиын өткізіп, оның барысында жоба аясында қазақ тіліне аударылған әлемге танымал 18 кітап елге таныстырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 18 сәуір «Nationalbookdating» акциясының күні ретінде белгіленді. Осыған орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өңірдегі бетке ұстар білім ордалары аталмыш жобаның маңыздылығын ескере отырып, табанды шараларды бірлесіп жүзеге асыруға кірісті. Оның ішінде атап өтеріміз, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 18 сәуір күні 36 оқыту дәрісі барысында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасымен таныстыру мақсатында презентациялық дәрістер ұйымдастырды. Дәрістерге барлығы 100 оқу тобының қамтылғанын ескерсек, 2000-нан астам студент жастарға қазақ тіліне аударылған әдебиеттер туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Болашақ» университетінде студенттерге арналған арнайы презентациялық дәріс өткізілді. Дәрісті «Болашақ» ғылым зерттеу институтының директоры Насимов Мұрат Өрленбайұлы жүргізді.
Өңірде «қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты» насихаттау бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Жастардың аталмыш кітаптарға қызығушылығын арттыру алдыңғы буынның ертеңге деген қамқорлығы деп білуіміз қажет. Жастың қолына «балық» емес, «қармақ»ұстататын уақыт екеніні баршамызға аян.
Атап айтар бір дүние, «Қызылорда облысының географиясы», «Қызылорда облысының жануарлар әлемі», «Қызылорда облысының өсімдіктер әлемі» атты оқу құралдарын негізге ала отырып,
5-7 сыныптарға арналған 45 мың дана «Өлкетану» оқулығын шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл да өңірдің ғылыми әлеуетін арттырып, оқулықтар дерек қорының байуына септігін тигізеді.