100-ден астам алматылық бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие алды
14.01.2025 03:15
Фото:
primeminister.kz
Былтыр «Almaty» МҚҰ Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында шағын және микробизнесі үшін жылдық 2% және 6% мөлшерлемемен 106 алматылыққа несие берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, несиелердің жалпы көлемі 3,6 миллиард теңгеден асты. Бір қарыз алушыға арналған лимит – 73,8 миллион теңгеге дейін, несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жылға дейін. Несие алушылардың басым бөлігі өндіріс (33%), денсаулық сақтау (20%), білім беру және халыққа қызмет көрсету салаларына (11%) тиесілі.
Айта кетсек, 2019 жылы іске қосылған Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында 13,3 млрд теңгеге 600 жоба қаржыландырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

