"100 аялдама": Актауда жаңа аялдамалар салынып жатыр
28.06.2025 05:35
Фото:
Ақтау қаласының әкімдігі
Ақтау қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 100 жаңа аялдама орнатылуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы қала әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуінде мәлімдеді. Қазіргі таңда қалада 258 аялдама болса, соның 78-і жабдықталмаған, ал 22-сі ескі үлгідегі аялдамалар.
Биыл осы мәселені түбегейлі шешу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер мекеме аялдамаларды орнату жұмыстарын бастап кеткен.
Әкімнің айтуынша, алдымен аялдама мүлде болмаған 78 орынға жаңа нысандар қойылады. Кейін ескі 22 аялдама жаңартылмақ. Жоспар бойынша барлық орнату жұмыстары тамыз айында аяқталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

