Жаңалықтар

10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқан Сивидің қорқынышты түрі елді шошытты

10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқан Сивидің қорқынышты түрі елді шошытты
Фото: instagram.com/sivi_makhmudi 14.04.2023 11:16 23085

Әнші-актриса Сиви Махмуди әлеуметтік желіде мұрны қанаған сурет салып, елді шошытып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның мұндай күйге түсуіне пластикалық операция жасауы себеп болған.

Менің бет-әлпетіме назар аудармай-ақ қойыңыздар. Кеше мен дәрігерден кеңес алуға келгенмін, содан аяқ асты ота жасатуға бел будым. Соңғы күндері дем ала алмай жүрдым. Ауыз бекітіп едім, оны да тоқтата тұруыма тура келді. Сөйтіп, ота жасаттым. Шүкір, бәрі ойдағыдай өтті, тыныс алуым да жақсарды, - дейді Сиви Махмуди.
Әнші осы мүмкіндікті пайдаланып, бетіндегі кейбір кемшіліктерді де түзетіп алған.

Айта кетейік, Сиви Махмуди бұған дейін 10 жыл отасқан күйеумен ажырасқан болатын. Бұрынғы күйеуінің аты – Аңсар Қажымұқанұлы. Екеуінің екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға