10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 10 қыркүйек күнгі ауа райы болжамына байланысты 16 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с шығыс бағыттағы жел соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қаласында 10 қыркүйекте күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр, облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облысының батысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауптілігі сақталады.
Павлодар облысыңда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады
Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 10 қыркүйекте түнде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болжанады
Жетісу облысының тау және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау және таулы аудандарында 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.