10 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің шығысында кей жерлерде қатты қар жауады, ал орталық және солтүстік аймақтарда боран соғып, көктайғақ байқалады.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ орталық өңірлерде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді. Кей аймақтарда желдің жылдамдығы 20 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін.
Мамандар жолға шығатын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының күрт нашарлауына байланысты сақ болуды ескертеді. Көктайғақ пен боран кезінде жолда жүру уақыты мен бағытты алдын ала жоспарлау, ал алыс сапардан уақытша бас тарту ұсынылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

