10 мың емес: дәрігер күніне қанша қадам жасау керек екенін айтты
Күніне 10 мың қадам жүру – көпшіліктің денсаулық кепілі деп санайтын кең тараған норма. Алайда бұл көрсеткіш ғылыми дәлелденбеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Пирогов университетінің доценті Ярослав Гуриннің айтуынша, жүрек, ми және зат алмасу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін күніне 7-8 мың қадам жеткілікті.
«10 мың қадам» нормасы алғаш рет 1960-жылдары Жапонияда сатылған manpo-kei атты қадамөлшегіш жарнамасынан шыққан. Аудармасы – «10 мың қадам өлшегіш». Бұл – әдемі жарнамалық идея, бірақ ғылыми негізі жоқ, – дейді маман.
Дәрігердің сөзінше, 7-8 мың қадам – ағзаның негізгі белсенділігін сақтауға жеткілікті «алтын стандарт». Бұдан артық жүрудің пайдасы шамалы, ал ең маңыздысы – жүру қарқыны.
Гуриннің айтуынша, күніне 30 минут қарқынды серуендеу (жүрек соғысы жиілеп, бірақ сөйлей алатындай деңгейде) баяу 10 мың қадамнан да пайдалырақ.
Сонымен қатар ол интенсивті жүру кей адамдарға зиян болуы мүмкін екенін ескертті. Мысалы, жамбас немесе тізе буынында артрозы бар адамдарға мұндай жаттығу қосымша соққы түсіріп, шеміршек тінінің тозуын жылдамдатады.

