Pixabay

1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелек маусымы ресми түрде басталады

Қазақстанда ертең, 1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелектерді қолдану маусымы ресми түрде ашылады. Көлікте жазғы шиналар тұрғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ӘҚБтК-ге сәйкес, маусымға сай келмейтін шиналарды қолданғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жаза 20 АЕК-ке дейін артады.

Мамандардың айтуынша, күздің созылып, қардың түспеуі — өткел бермейтін себеп емес. Өйткені жазғы резина ауа температурасы минусқа түскенде қатайып, жолмен ілінісін жоғалтады.

Техникалық регламентке сәйкес, жазғы шиналардың протектор биіктігі кемінде 1,6 мм, ал қысқы шиналарда — 4 мм болуы тиіс. Қысқы дөңгелектер міндетті түрде үш шыңды тау белгісі мен ішіндегі қар ұшқыны бейнеленген таңбамен, сондай-ақ “M+S”, “M&S” немесе “M S” белгілерімен белгіленуі керек.

Егер барлық маусымға арналған шиналарда осы таңбалар болса, оларды қыста қолдануға рұқсат беріледі. Ал мұндай белгі жоқ резинамен жүру — тыйым салынған.