Жаңалықтар

1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 01.12.2023 06:00 1321

Қазгидромет 1 желтоқсанда бірқатар облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Орал қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Ақмола облысында  жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, түнде басым бөлігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады, өңірдің батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз батыс, солтүстік, орталық бөлікте де көктайғақ болады деп болжанады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болу ықтималдылығы жоғары. Таразда да тұман түседі деп күтіледі. 3 желтоқсанда таңертең және түстен кейін солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға