Жаңалықтар

1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz 01.07.2024 06:20 583

«Қазгидромет» РМК 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер тұрақсыз ауа райының қалыптасуына түрткі болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға