1 шілдеден бастап балабақшаға балаларды қабылдау қайта басталады
28.06.2025 14:11
Фото:
©El.kz
Елордада 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау процесі қайта басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Адылбаевтың мәліметінше, биыл 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 15 мыңнан астам орын ұсынылады.
Баланы балабақшаға орналастыру INDIGO электронды жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар онлайн режимде:
- жеке кабинетке кіріп, өтініштің мәртебесін тексере алады
- құжаттарды электронды түрде жүктей алады
- ed24.kz мобильді қосымшасына тіркелуі қажет
- медициналық анықтамаларды алдын ала дайындауы керек.
«Бұл рәсімдер қабылдау процесін жеделдетіп, адами фактор ықпалын азайтады», – дейді Серік Адылбаев.
Астанада 653 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде:
- 99 – мемлекеттік
- 551 – жекеменшік
- 3 – ведомстволық балабақша
Ата-аналар INDIGO арқылы тек қарапайым балабақшаға ғана емес, арнайы (коррекциялық) мекемелерге өтініш бере алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

