1 шілдеде бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері өседі
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қазақстанда 1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер көбейеді, деп El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

