1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өсуі мүмкін
Фото: time.kz
Фото: time.kz
14.03.2023 11:37
1465
Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулерге сай 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің стипендиясын арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
- техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге;
- техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (қазір 20 948) теңге стипендия төленеді.
Стипендия мөлшерін арттыру бойынша қаражат көлемін республикалық бюджет комиссиясы қолдаған.
Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді, - делінген қаулының түсіндірме жазбасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі дамып келеді – министр
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады