Жаңалықтар

1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл қағылады

1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл қағылады
Фото: adyrna.kz 27.02.2023 14:08 3304

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2023 жылғы 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіТөтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін азаматтық қорғаудың ескерту жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланып отыр.

«Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы саналады.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді», делінген хабарламада.

«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып шығу қажет.

Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға