Қазгидромет 1 наурызда еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

