Жаңалықтар

«Үздік ғылыми жұмыс» байқауы өтті

Заң саласында «үздік ғылыми жұмыс» республикалық байқауы
10.06.2016 11:01 5051

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Заңгерлер одағы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Заң шығару институтымен бірлесіп, заң мамандығының студенттер, магистранттар, докторанттар арасында заң саласында «үздік ғылыми жұмыс» республикалық байқауын өткізді.

 «Үздік ғылыми жұмыс» байқауы өтті

Конкурсқа Алматы мен Астана қалаларынан басқа барлық өңірлерден жас ғалымдар қатысты. Ұсынылған жұмыстарды елімізге танымал заңгерлер іріктеп, жеңімпаздарды анықтайтын болады.

 «Үздік ғылыми жұмыс» байқауы өтті

Сара Идришева, заң ғылымдарының докторы, профессор:

— Бұл конкурс биыл алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінің жоғары оқу орындарына ұсыныс жіберген болатынбыз. Нәтижесінде бізге 21 жұмыс келіп түсті. Жұмыстармен танысып, олардың ішінен ең сапалы деген жұмыстарды бүгінгі отырысқа алып келдік. Жоспар бойынша бұл конкурс халықаралық дәрежеде өтуі тиіс еді, бірақ уақыттың тапшылығына байланысты тек республикалық ауқымда өткізіліп отыр. Мұндай конкурстар болашақ заң қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, оларды шыңдай түседі деген ойдамын.

  «Үздік ғылыми жұмыс» байқауы өтті

Конкурсқа жалпы саны 21 жұмыс қатысқан. Олардың ішінде жеңіске лайық деген 3 жұмыс бүгінгі отырыста іріктелді. Мамандардың айтуынша бірнеше жұмыс тексеріс барысында авторлық құқық сақталмағандықтан, конкурстан шеттетілген. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады.  


Рүстем ӘЛПИ

Суреттерді түсірген — Нұрбек Әлманбетов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға