Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде оқу-жаттығу өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының (Алматы облысы) базасында «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өткізілді, деп хабарлайы El.kz. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жедел ден қою ұжымдық күштерінің арнайы мақсаттағы күштерін құруды басқару органдарымен өткізілді. Онда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті органынан Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Қазавиақұтқару» АҚ күштері мен құралдары қатысты.
Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдарымен төтенше жағдайлардың салдарын, оның ішінде дербес операция нәтижесінде туындаған химиялық заттардың ағып кетуін жою бойынша кинологиялық есептеулерді, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды қолдана отырып, елді мекенде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша теориялық және практикалық іс-қимылдар пысықталды.
Авиацияны пилоттауда, кинологиялық есептеулерді қолдана отырып іздестіруде, зардап шеккендерді құтқару мен эвакуациялауда және шартты өрттерді сөндіруде көрсетілген жеке құрамның кәсіпқойлығы мен үйлесімді іс-қимылдарының арқасында «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдардың бөлімшелері үшін қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Нәтижесінде шараға ҰҚШҰ Хатшылығы жоғары баға берді.