Жаңалықтар

Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды

  Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды
25.11.2019 10:56 1894

Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубының отырысы өтті. Оған этномәдени бірлестік мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және ұстаздар қауымы қатысты.  

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, «Мәміле» клубтарының басты мақсаты  - мемлекеттік тілді, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын зерттеу арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғамды топтастыру.

  Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды

Тағылымы мол жиында  өңірздегі тіл үйретудің жай-күйі, облыстық ассамблеяның тіл саясатын жүзеге асырудағы рөлі жайлы «Қоғамдық келісім» мекемесінің аға сарапшысы, «Мәміле» клубының үйлестірушісі Шахизат Абдраманова сөз қозғады.

Ал қоғам белсендісі, өлкетанушы Сағат Жүсіп аталған жобаның жұмыстары және «Ситуативті қазақ тілі» кітабы жөнінде ойын ортаға салды. 

Тіл үйренудің өзіндік жолдарын қарастырып, насихаттап жүрген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Родион Лебедев өз ұсыныстарымен бөлісті. 

Отырыс соңында қатысушыларға «Мәміле» клубының республика бойынша үйлестірушісі, кітап авторы Қанат Тасибековтың арнайы жіберілген сертификаттары табысталды.

  Қызылордада тіл саясатын жүзеге асырудағы Ассамблеяның рөлі талқыланды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға