дереккөз

ҰҚШҰ әскери оқу-жаттығу өткізеді

16.09.2022 08:02

ҰҚШҰ Біріккен штабының жиналысында біріккен штаб бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының басқару органдары мен құралымдарының бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайындығы туралы хабардар етті, деп хабарлайды EL.KZ.

Бейнеконференция режимінде өткен іс-шараға ұйымға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволары мен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингке қатысушылар бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық аясында жоспарланған іс-шаралар кешені туралы, өткізілетін іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері, тартылатын күштер мен құралдар туралы, сондай-ақ 2022 жылы ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) бірлескен оқу-жаттығуларының ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.