Жаңалықтар

Құрылыс комбинатының жас маманы индустрияландыруға байланысты не ойлайды?

Құрылыс комбинатының жас маманымен шағын сұхбат
23.01.2015 11:33 5530

Құрылыс комбинатының жас маманы индустрияландыруға байланысты не ойлайды?

«АТК» құрылыс комбинатының жас маманы индустриаландыруға байланысты не ойлайды?

ҚР Президентінің бастамасымен еліміз бойынша құрылыс комбинаттарын жасақтау белсене қолға алынуда. Өзге құрылыс мекемелерінен мұның ерекшелігі сол, құрылыс комбинаттары үй салуға қажетті негізгі жабдықтардың басым көпшілігін өздері шығарады. Құрылыс комбинаттарына дейін үй салумен айналысатын компаниялар бетон бөлшектерді бір жерден, құм мен цементті екінші жерден, техниканы үшінші жерден алатын еді. Ал комбинатта мұның бәрі бар. Бұл бастама еліміздегі ең өзекті болып тұрғын-үй мәселесін үдете шешуге мүмкіндік беріп, құрылыс индустриясын дамытуға стимул береді.

Құрылыс комбинатының жас маманы индустрияландыруға байланысты не ойлайды?

Осындай құрылыс комбинаттарының бірі Атырау облысындағы –АТК фирмасы. Аталмыш компанияның маңыздылығын индустрияға жауапты министрлік атап өткен болатын.

Бұл мекеменің «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда да рөлі жоғары. Себебі баспана қолжетімді болуы үшін ең алдымен тұрғын үй саны көп болуы тиіс. Ал АТК фирмасы дәл осы тұрғын үй салумен айналысады.

Құрылыс комбинатының жас маманы индустрияландыруға байланысты не ойлайды?

Ел.кз жастарға арналған жоба болғандықтан, бізді осы компаниядағы жастардың өмірі, көзқарасы біршама қызықтырды. Сол себепті біз осы комбинатта жұмыс істейтін жас маманнан шағын сұхбат алдық.

Құрылыс комбинатының жас маманы индустрияландыруға байланысты не ойлайды?

– Өзің жайлы қысқаша айтып өтсең…   

– Есімім – Жандос Бюрекбаев. 1989 жылдың 24 ақпанында дүниеге келгем.Білімім – жоғары. Ресей халықтар достығы университетінде «гидротехник-инженер» мамандығы бойынша магистратура бөлімін тәмамдадым. Оқу бітірген соң Атырау өңіріндегі «Фирма АТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Өндірістік-техникалық бөлімнің (ӨТБ) инженері болып қызметке тұрдым. Ағымдағы жағдайда Қарашығанақта орналасқан кен ошағындағы жобаға жетекшілік етудемін.

– ӨТБ инженері дегеніміз не?

– ӨТБ инженері болу дегеніміз техникалық құжаттамамен, сметалармен, жобалармен және тағы да басқа нәрселермен жұмыс дегенді білдіреді.  Біз, яғни ӨТБ инженерлері, ғылыми зерттеулер жүргізіп тұрамыз.

– Жас маман ретінде қандай жаңашылдық енгізгің келеді?

– Жас маман ретінде өз қызметімізді оңтайландыру амалдарын ұсынып, енгізуге талпынудамын. Мәселен, менің ойымша, бізге қазір әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін нақты бизнес-процессті жасау қажет. Бизнес-процесс деп тұрғаным – нақты іс-шаралар кешені. Оған графиктердің жасалуы, ағымдағы тапсырмаларды күнделікті бақылау, есептерді қалыптастыру, жобаларды сәтті және тиімді басқаруға қажетті ақпараттық сараптама жасау кіреді.

– Қазақстандағы индустрияландыру бағдарламасына көзқарасың қандай?

– Индустрияландыру Қазақстанның сәтті дамуының негізгі қозғаушы күші дер едім. Сәтті индустрияландыру дамыған елдермен бәсекеге түсуге зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл Қазақстанның прогрессивтік жастарының бойында жаңа бір идеялардың туылуына стимул бола алады.

– Сенің ойыңша жаңа индустрияландыруды жүргізуде жастардың рөлі қандай?

– Пафос деп қабылдамаңыздар, бірақ шынымен жастардың рөлі жоғары деп ойлаймын. Неге? ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті индустрия жасау үшін инновация мен жаңа технологияларды белсене қолдану керек. Ал инновация мен технологиялар батыс елдері мен дамыған шығыс мемлекеттерде қарқынды іске асуда. Оларды елге әкелу үшін жастардың білімі мен біліктілігі аса қажет. Оның үстіне инновация тек өндірісті ғана емес, сонымен бірге басқару процесін де қамтиды. Үлкендерге құрметпен қараймын, бірақ заманауи өндірісте жұмыс істеу үшін біліміңді ылғи шыңдау керек, ал үлкен буынның барлығы бұғар бара бермейді. Осы және өзге себептерге сүйене отырып, жастардың өндірістің рөлі мықты екенін айта аламын. 

– Ал сол жастарға қазір өндіріс орындарында жағдай жасалып жатыр ма?

– Бәріне жауап беру қиын әрине. Мәселен, біздің ұжымда жастардың үлесі жоғары. Бұл бір жағынан заңдылық та шығар. Жоғарыда айтқанымдай қазір нешетүрлі жаңа технологиялар қолданылады. Оларды көбіне жастар игереді. Менің ойымша, кез келген өндіріс орындарында жастарға деген сұраныс жоғары. Өзге мекемелердегі достарыммен сөйлесе отырып, осындай қорытындыға келдім. Мұның бірнеше объективті себептері бар: 1) Жастар заманауи білімді (көп жағдайда шетелдік) меңгерген; 2) Оларға тәжірибе, жаңа білім, карьера - басты мақсат (үлкендер болса тұрақтылық пен жоғары жалақыны ғана көп жағдайда қалайды); 3) Жастардың біршама бөлігі отбасы құрып үлгермеген. Бұл оларды жұмыс іздеу мақсатында еліміздің түкпір-түкпірлерінде жұмыс істеуіне жол ашады. Осы сияқты аргументтерді тізе беруге болады. 

– Жұмыстан бөлек бос уақытыңды немен өткізесің?

– Бос уақытымды кітап оқуға, сурет салуға және спортпен айналысуға жұмсаймын. 

– Уақыт бөліп сұхбат бергеніңе рахмет!


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға