Жаңалықтар

Құрлық әскерлерінде бөлімдерді жауынгерлік үйлестіру аяқталды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Құрлық әскерлерінде бөлімдерді жауынгерлік үйлестіру аяқталды
Фото: gov.kz 04.08.2022 20:15 1750

Қарулы күштерде жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі саналатын бөлімшелер, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру аяқталуға жақын. Әскери қызметшілерді оқыту кезеңі жауынгерлік оқ атумен жаттығуымен аяқталады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарындағы практикалық сабақтар взвод командирлерінің басшылығымен өтеді. Олар бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды дайындауға жауапты. Взвод командирлерінің бастамасымен жеке құрам далалық дағдысын жетілдіріп, кіші командирлер бөлімшені басқару дағдыларын арттырады. Сондай-ақ әртүрлі ұрыс түрлерінде бөлімшелердің атысын басқаруды үйреніп, қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын да қадағалайды.

– Жауынгерлік оқу атулар – тактикалық дайындықтың нағыз қызған шағы, бөлімшелердің жауынгерлік үйлестіруі мен атыс дағдысының соңғы кезеңі. Жауынгерлік оқ атулар барысында жеке құрам өзара іс-қимыл жасауды, штаттық қаруды тиімді қолдануды, жауынгерлік жағдайда оны шебер басқаруды үйренеді, – деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары – ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы генерал-майор Нұрлан Алдияров. 

Жауынгерлік оқ атулар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың талдауын ескере отырып жүргізіледі. Оларды жүзеге асыру үшін бөлімшелердің штаттық қару-жарағының барлық түрінен жердегі және әуедегі нысаналарға оқ атуды көздеуге жағдай жасалады. 

Осы кезеңде бөлімшелердің барлығы 500-дің үстінде жауынгерлік атысын өткізу жоспарланған. Сабақтардың тақырыбы мен уақытын жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып, рота командирлері анықтайтын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға