Жаңалықтар

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Өрт сөндіруші Сабыржан Сұлтанбековтің бір күні
«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»
Фото: © El.kz 25.05.2021 16:34 11834

Жүректілік пен батылдылықты талап ететін ең қауіпті мамандық иелері – өрт сөндірушілер. Олар үнемі өмір мен өлім арасында арпалыста жүреді. Біз оларды бейбіт күннің батырлары десек те жарасады. Өрт сөндірушілердің бір күндік өмірі қалай өрбитінін көзбен көріп, танысып қайту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты №2 өрт сөндіру бөліміне барып қайттық.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1962 жылы құрылған. Сол жылдары бөлімде 6 техникаға ғана орын болған. Кейін өрт сөндіру бөлімі 1981 жылы қайта жабдықталып, арнайы техникаға арналған орын салынған.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Бүгінгі таңда біздің өрт сөндіру бөлімінде 11 техника бар. Арнайы және үлкен габоритті техникалар қарастырылған. Олардың ішінде жоғары қабатқа көтерілуге мүмкіндік беретін авто иіндік көтергіш, жедел әрекет ету автомобилі, көмекші автокөліктер, автоцистерна, камаз және ЗИЛ автокөліктері бар. Сонымен қатар қыс құрсауында қалып қалған адамдарды құтқаруға арналған арнайы автокөлік бар. Авто иіндік көтергіш 54 метрді құрайды. Ол 16 қабатқа дейінгі биіктікке көтере алады. Штат бойынша жоғары техникалық дайындықтан өткен 80 өрт сөндірушіміз бар,– дейді №2 мамандандырылған өрт-сөндіру бөлімін бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Аманжол Бейсенбеков.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

2021 жылдың соңғы үш айында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментініне қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 246 рет өрт сөндіру шараларына шыққан. Оның ішінде 12 өрт құтқару жұмысы, 178 рет дабыл, белгіленген аумақ бойынша және аумақтан тыс 55 құтқару жұмыстары жүргізілген.

«Өрт сөндіру – жүректілердің мамандығы»

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты №2 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы – Сабыржан Сұлтанбеков. Ол Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы. 2005 жылдан бері өрт сөндіруші болып қызмет етеді.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Өрт сөндіру – жүректілердің мамандығы. Бұл салаға кез келген адам келеді деп ойламаймын. Біздің қызметте өжеттілік, батылдылық пен төзімділік қажет. Менің өрт сөндіру қызметінде жүргеніме он алты жыл болды. Мамандығым өзіме ұнайды. Елге қызмет етуге әрқашан дайынбыз, – деп сөзін қысқа қайырды азаматтық қорғау старшинасы Сабыржан Сұлтанбеков.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Сабыржан Серікбайұлы сұқбат барысында әрбір өрт сөндіруші кез келген уақытта, қандай жағдай болмасын адам өмірін құтқаруға дайын екендігін жеткізді. Олар күнделікті кезекшілікке шыққанда түрлі жағдайларға кезігіп, тосыннан тұтанатын қызыл жалынмен арпалысады. Өз өмірлерін қатерге тігіп, өзгелерді құтқарады.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Өрт тілсіз жау болғанымен өздігінен пайда болмайды. Ол көп жағдайда адамдардың ұқыпсыздығынан, бейқамдығынан шығып жатады. Адамдарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырып, алдын алу жұмыстарын жүргізсек те мән бере бермейтіні өкінішті. Содан кейін қайғылы жағдайлар орын алып жатады, – дейді бейбіт күннің батыры.

Кез келген жағдайға сақадай сай болуың керек

Сабыржан Сұлтанбеков өрт сөндіруге маманданған жан. Оның сөзінше өрттің ошағын анықтау әрбір өрт сөндірушінің кәсіби біліктілігіне байланысты дейді.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Өрт сөндіру бөлімшесі ауысыммен жұмыс істейді. Сабыржан өрт сөндіру бөлімшесінің командирі. Ол өз жетекшілігімен кезекшілігіндегі жауынгерлерді тілсіз жаумен айқасуға жол бастайды. Төтенше жағдайда өрт сөндірушінің әр минуты мен секунды санаулы болғандықтан олардың жұмыс кестелері өте тығыз.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Біз қандай жағдай болмасын сақадай сай болуымыз керек. Сол себепті біздер тәулік бойы жаттығамыз, ғимараттың іші мен сыртында жедел құтқару шараларына үздіксіз дайындаламыз. Одан кейін жетекші офицерлердің дәрістерін тыңдаймыз. Практика мен теорияны ұштастырып, үнемі өрт қауіпсіздігі ережелерін пысықтаймыз. Кешкі уақытта техникалық құрал саймандарды тексеріп отырамыз, – дейді өрт сөндіруші Сабыржан Сұлтанбеков.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Азаматтық қорғау старшинасы жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында болып, 2020 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды. Дүние жүзін әбігерге салған коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында волонтер ретінде белсене атсалықаны үшін алғысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын да алған. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушінің азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту және нығайтуға қосқан үлесін ескеріп, Сабыржан Сұлтанбековке алғыс хаттар жолдаған.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Өз қызметін азаматтық міндетім деп санайтын өрт сөндіруші өте қарапайым азамат екен. Ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген кейіпкеріміздің қызметіне отбасы да түсіністікпен қарап, үнемі қолдау көрсетіп отырады. Қарапайым отбасынан шыққан кейіпкеріміз бүгінде өз ортасында сыйлы азамат, асыл жар және аяулы әке.

Сақтықта қорлық жоқ

Өрт сөндірушілердің басты міндеттерінің бірі – оқиға орнын­да­ғы адамдарды қауіпсіз жерге кө­­шіру. Ал жанып жатқан жалынды сөндіру шамасы өрттің деңгейі мен уақытына қарай бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін екен.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Шамамен тәулігіне 3-4 шақырту келіп түседі. Біз уақытқа қарамаймыз. Дабыл да тәуліктің белгілі бір мерзіміне қарамайды. Кейде кезекшілік күндіз тыныш өтеді. Кей кездері шақырту көп түседі. Біздің өрт сөндіру бөлімі Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының белгіленген аумақтарын қамтиды. Өрт әр түрлі деңгейде орын алуы мүмкін. Бірде қоқыс жанса, бірде пәтерден өрт шығып шақыртуға барамыз. Өткен кезекшілікте жатақханадан өрт шықты деген шұғыл дабыл келіп түсті. Таңғы сағат төрттердің шамасы болатын. Барлық тұрғындар қалың ұйқыда жатқан. Дәліздің барлығы қара түтін. Екі қабатты ғимаратты жедел түрде залалсыздандырып, сыртқа алып шықтық. Зардап шеккен адам болмады, – дейді кейіпкеріміз.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Өрт сөндірушілерде әр дабыл қағылған сайын қорқыныш болады. Кейде адамды тілсіз жаудан аман алып қалу үшін олар ғимараттың немесе тұрғын үйдің есігін бұзып, адамдарды қауіп-қатерден арашалайды. Сонымен бірге өрт болған орынға сараптамаға шығатын арнайы көлік болады. Ол көлік өрт сөндіру тобымен бірге оқиға орнына барып, өрттің неден, қалай, қайдан шыққанын анықтайды.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Негізі бізге жүктелген тәртіп бойынша өрт болған орынға он минуттың ішінде жетуіміз керек. Көп жағдайда көшедегі кептеліс пен аулалардың тар болуы кедергі келтіріп жатады. Кейбір аулаларда көлік толып тұрады. Шақырту келіп түскенімен, оқиға орнына кіре алмай, ауладан аулаға жүгіретін кездеріміз болады. Ондай кезде сөзсіз уақыт жоғалтамыз, – дейді өрт сөндіруші.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Азаматтық қорғау старшинасының айтуынша, көбіне тілсіз жауға себепкер болатын адамдардың өздері. Апат айтып келмейді. Сондықтан пешті, электрлік құрылғыларды уақытылы қадағалап өшіріп, бүлдіршіндер мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауын сұраймыз.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Өткен жылы елордамыздың сол жағалауындағы Тайбекова көшесінде орналасқан дәмханада жарылыс болғаны баршаңызға белгілі. Газ баллонынан шыққан жарылыс орнына біз көмекші топ ретінде бардық. Адам шығыны болды. Өкініштісі бір әйел адам көз жұмды. Сондықтан біз үнемі тұрғындарға өрт шыққан кезде әркім білуге тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтауға және естен шығармауға кеңес береміз.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

Өрт сөндіру бөлімінде бірнеше көлік болады. Солардың ішінде жиі шақыртуларға шығатыны – камаз авто көлігі. Онда 5 тонна су, 400 литр көбік (пена) болады. Көбік көлік немесе жанармай бекеті жанған кезде пайдаланылады.

«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»

– Камаз авто көлігіндегі жасақ 7 адамнан құралады. Онда бөлімше командирі, жүргізуші және төрт өрт сөндіруші болады, – дейді Сабыржан Сұлтанбеков.

Сөз соңында айтарымыз өмір мен өлім арасында жүрген, елі үшін ерен еңбек етіп жүрген азаматтар қашанда мақтан етуге тұрарлық. Сондықтан отпен ойнамайық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық.

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға