Жаңалықтар

"Қорғау" - полицейлерге қолдау

Қазір мұндай жоба еліміздің бес қаласында жүзеге асырылуда.
"Қорғау" - полицейлерге қолдау
16.07.2022 05:31 1689

ІІМ әзірлеген “Қорғау” қосымшасы полицейге жолдағы құқық бұзушыны анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды EL.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полиция қызметкерінің планшетіне қауіпті жүргізушінің жақындағаны туралы сигнал береді. Бұл жол ережесін бұзған немесе машинаны жоғары жылдамдықта басқарып келе жатқан жүргізуші болуы мүмкін.

Қазір мұндай жоба еліміздің бес қаласында жүзеге асырылуда. Мәселен, Шымкентте 130 млн теңгеге айыппұл салынған 1400 автокөлік анықталды. Қала жолдарындағы жағдай жақсаруда.

Мегаполисте жол-көлік оқиғаларының саны үш есеге, жарақаттанғандар саны 2,5 есеге, өлім-жітім көрсеткіші үштен бірге азайды. Сонымен қатар “Қорғау” қосымшасы басқа да проблеманы анықтауға мүмкіндік берді. Қысқа уақыт ішінде “жалған” нөмірлерді қолданған 266 жүргізуші ұсталды.

Мұның алдын алу үшін ІІМ жауапкершілікті қатаңдату мәселесін көтерді. Жалған нөмірлерді пайдаланғаны үшін жүргізушілер енді бір жылға жүргізу құқығынан айырылып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға