Жаңалықтар

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметі
«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»
20.12.2020 16:25 6129

Өзге қалаларға қарағанда елорданың тыныштығын қамтамасыз ету аса жауапты іс. Себебі мұнда түрлі саяси, мәдени маңызды шаралар жиі өтіп тұрады. Оған шет елдік мәртебелі қонақтар келеді. Жалпы қала ішіндегі қозғалыстарды реттеп, астанамызға келген қонақтар мен азаматтардың өміріне қауіп төнбеуіне жағдай жасап, қылмыстың алдың алуға әрдайым әзір тұру тәртіп сақшыларына жүктелген міндет. Осы орайда біз арнайы Нұр-Сұлтан қаласы Патрульдік полициясы мамандандырылған батальонының қызметімен таныс болған едік.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Елордамыздағы Патрульдік полициясы мамандандырылған батальоны ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен 1997 жылы 30 желтоқсанда құрылған. Батальонның мемлекеттік күзет қызметімен бірлесе отырып орындалатын міндеттеріне елордаға ресми келген делегацияларды ілестіріп жүру бойынша шаралар өткізу және арнайы жолда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Жалпы жаңадан құрылған жылдары батальонның штаттық саны 108 бірлікті құраған. Алғашқы командир Владимир Романович Козак өз әріптестерімен бірге батальонды құрап, оның қызметінің басынан бастап кемшіліксіз 60-тан аса ілестіріп жүру шараларын өткізген. Сонымен қатар әлемдік және дәстүрлі бірлестіктердің жиналыстары, ОБСЕ мен VII қысқы Азия ойындары кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқан. Жұмыстың қиындығына қарамастан, батальон жеке құрамы қойылған міндеттерді орындап, ел басшыларыннан жоғары бағаға ие болған. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін батальон қызметкерлері ҚР ІІМ, Әкімдік және Нұр-Сұлтан қаласы ПД басшылығымен марапатталған.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне қарасты Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны командирінің Кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Тимур Тұяқбай бізді парульдік полиция батальонның бір күндік қызметімен таныстырып өтті. Тәртіп сақшыларның саптық жиыны, қару алу барысы, қызметтік көліктері мен атқаратын қызметі жөнінде біршама мәлімет берді.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

– Біз Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және ішкі істер министрілігімен бірлескен бұйрыққа сәйкес қызмет етеміз. Яғни шет елден келген азаматтар, қонақтар басқа елдің президенттерін, арнайы делегациялар мен тұлғаларды көлікпен алып жүру барысында қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Негізгі қызметіміз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жол қауіпсіздік ережелерін сақтау болып табылады. Таңертеңнен шыққаннан бастап біздің қызметкерлер түрлі обьектілерге қызметке түсіп, жол ережесін өрескел бұзған азаматтармен жұмыс істейді. Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны үш ауысыммен қызметке түсіп отырады, – деді полиция майоры Тимур Тұяқбай.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

(Суретте: Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны командирінің Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Тимур Тұяқбай)

Сонымен қатар Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны жұма және сенбі күндері профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысып отырады. Олардың қатарында «Абайлаңыз, балалар!», «Мас жүргізуші-қылмыскер», «Құқықтық тәртіп» және тағы да басқа жедел алдын алу шаралары бар.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Мадихан Жақсылықұлы 13 жылдан астам уақыттан бері мамандандырылған патрульдік полиция батальонында қызмет атқарып келеді.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

– Алматы қаласында арнайы үш ай оқып, 2007 жылдан бері осы қызметтемін. Қызметім қиын болғанымен өзіме ұнайды. Біріншіден барлығы инспектордың өзіне байланысты. Халықпен жұмыс істегеннен кейін бізге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бізде көбінесе аса ауыр, ірі және орта деңгейлі әкімшілік құқық-бұзушылықтар орын алып отырады. Сондықтан жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қарап, абырой, міндет және парызды қатар ұстап ел тыныштығы жолында қызмет етіп келеміз, – деді полиция капитаны Мадихан Жақсылықұлы.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Тәртіп сақшылары қызмет барысында орын алған оқиғаларымен де бөлісті. Полиция капитаны Мадихан Жақсылықұлы қызметке келген алғашқы жылдары түнгі қызметте жүріп жұмыс істеген кездерін еске алды. Оның ішіп алып көлік жүргізген жүргізушілерді, көлік ұрлағандарды, халықаралық іздеуде жүрген азаматтарды ұстаған кездері болыпты. Тіпті кәмелетке толмаған жасөспірім қызды зорлау ісі бойынша қалада қашып жүрген қылмыскерді де құрықтапты.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

(Суретте: Мамандандырылған полиция батальонының аға инспекторы Жеңіс Маратұлы)

– Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметімізде еңбегіміз еленіп әр жылдары Полиция күніне байланысты жеке Мамандандырылған батальонның құрылған күніне, ҚР конституция күніне орай қала әкімінен, Полиция департаментінің басшыларынан, министрлік тарапынан марапатталып жүрміз. Әрі қарай да ел тыныштығы жолында еңбек ететін боламыз, – деді полицей Мадихан Жақсылықұлы.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

(Суретте: Мамандандырылған полиция батальонының аға инспекторы Мадихан Жақсылықұлы )

Ал Мамандандырылған полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны, Жеңіс Маратұлы аталған қызметінде 2014 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Тәртіп сақшысы EXPO-2017 халықаралық көрмесінде, инаугурация кезінде және тағы да өзге мемлекеттік маңызы бар шараларда   белсене қызмет атқарып жүргендіктерін айтып өтті.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Әрі қарай тәртіп сақшыларымен жүру барысында Қазақ елі монументінің жанындағы Тәуелсіздік және А.Байтұрсынов көшелерінің бойындағы бағдаршамның уақытша істен шығып қалуына куә болдық. Полицейлер лезде қызметтік көлікті тұраққа қойып, жол қозғалысын қолымен реттеп, көлік кептелісі орын алмас үшін көшедегі түрлі бағытта жүріп жатқан көліктерге бағыт-бағдар берді. Полиция капитаны Жеңіс Маратұлының айтуынша бағдаршамның істен шығып қалғанда жиі жол қозғалысын реттейтіндіктерін атап өтті. Одан кейін тәртіп сақшыларына белгіленген аумақтағы жол көлік оқиғасына куә болдық. Мамандандырылған патрульдік полиция батальонның аға инспекторлары жол сақшылары келгенше жолда орын алған оқиғаның мән-жайын анықтады.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

– Біз қызмет аяқталғаннан кейін, бейне жетонның ішіндегі ақпараттарды орталықта арнайы белгіленген жеке инспекторге тапсырамыз. Одан кейін жеке табельдік тапаншаны өткізіп, взвод басшысына бір күндік қызметіміз жөнінде ақпарат береміз, – деді полиция капитаны Жеңіс Маратұлы.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Жалпы Мамандандырылған полиция батальонында қызмет атқару барысында жетістікке жеткен тәртіп сақшылары жоқ емес. Солардың қатарында полиция аға лейтенанты Дастан Шокенов пен полиция капитаны Қайрат Базарбайұлы осы жылы 14 қыркүйекте Президентіміздің жарлығы бойынша пандемия кезіндегі қызметтік міндеттерін адал атқарғандықтары үшін «Халық алғысы» мемлекеттік марапатына ие болыпты. Біз де өз тарапымыздан осындай биік жетістікке жетіп, ел тыныштығы жолында еңбек етіп, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген барша тәртіп сақшыларына алғыс білдіреміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға