Жаңалықтар

«Әлем таныған Астана» ақындар мүшәйрасы

«Әлем таныған Астана» ақындар мүшәйрасы
27.06.2018 11:49 3428

 

Ағымдағы жылдың 26 маусым күні, Талдықорған қаласындағы Тіл Сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы», Қазақстан Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған «Әлем таныған Астана» тақырыбында ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраның мақсаты: Елордамыз – Астана қаласының Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алатын орнын, бүгінгі келбеті мен жеткен жетістігін дәріптей отырып, елдік құндылықтарымызды шығармашылық насихаттау, Жетісу өңіріндегі әдеби таланттардың шығармашылығына, соның ішінде жас таланттардың ізденісіне қолдау көрсету, өңірде тұратын, қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте отырып, өзге этностардың да тілін дамытуға үлес қосу, жастардың бойындағы Тәуелсіз Қазақстанның, Астананың тарихын білуге деген құштарлығын, отаншылдық сезім мен адамгершілік жауапкершілігін ояту, көркем әдебиетке, поэзияға деген құрмет сезімін қалыптастыру, ынталандыру.

Мүшайраның шарты бойынша Астанаға арнау тақырыбында міндетті бір өлең, сонымен қатар, Рухани жаңғыру және еркін тақырыптағы  шығармаларымен Көксу, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Алакөл, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларынан ақындар қатысты.

Қатысушылардың шығармаларын «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры  Тәңірберген Қасымақынұлы, Алматы облыстық Жазушылар Одағының төрағасы Ерлан Жүніс, Ақын Ақсұңқар Ақынбаба бағалап, шешімін шығарды.

Тартысты бәсекеде ҚХА-ның және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» арнайы сыйлықтарымен облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мәулен Әнербай мен Ескелді аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі  Салтанат Құмархан марапатталды. Жыр мүшәйрасында «Әлем» білім беру мекемесінің ағылшын тілі мұғалімі Екатерина Веденкина, Облыстық «Сүйінбай атындағы филармония» музыканты Азамат Нұрмұханов жүлделі үшінші орынға жайғасты. Бәйгеде екінші орынды облыстық «Сүйінбай атындағы филармониядан» Жангелді Немеребай жеңіп шықты. «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбаева бірінші орынды иеленді. Ал Бас жүлдені Алматы облысы әкімінің аппараты ММ Облыс әкімінің бас инспекторы Гүлбақыт Қасен жеңіп шықты.

Шара соңынан барлық қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға