Жаңалықтар

Құлақ ауруына құлықсыз қарамаңыз

Құлақ неге естімей қалады?
Құлақ ауруына құлықсыз қарамаңыз
Фото: © El.kz 23.11.2021 12:20 13024

 

Арамызда жүрген кейбір адамның толық естімеуі, онымен қарым-қатынасқа кедергі жасайтындығын біз жиі байқаймыз. Сондықтан да құлағының мүкісі бар адам толыққанды жұмыс істей алмайды. Құлақтың естімеуі адамның өндірістік, қоғамдық өміріне сондай-ақ, күнделікті тұрмысына кері әсерін тигізеді. Құлақ неге естімей қалады? Есту органдарының қызметі және Евстахий түтігі туралы ақпарат беретін боламыз.

 

Құлақтың естуі қатты нашарласа, онда зардап шегуші адам мамандығы бойынша еңбек ете алмай, амалсыздан өзі қалаған жұмысын тастауға немесе өзгертуге мәжбүр болады. Сөйлескен кезде құлақты қатты түріп, естуге зор ынта қою кей уақытта зардап шегуіне жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Өйткені құлағында мүкісі бар адам маңайындағылардың сөздерін үлкен қиыншылықпен қабылдап, тез шаршайды, кейде тіпті сөйлеп тұрған адамды теріс түсінуі де мүмкін. Егер жас баланың құлағы шала еститін болса, онда бұл кемістік сәбидің өсіп-жетілуіне теріс әсер етеді. Нашар еститін баланың сөйлеу қабілетінің қалыптасуы төмендеп, калыпты дамуы бәсеңдейді. Кейде бала өз жолдастарынан қалып қояды. Тұйық әрі кісімен араласпайтын ашуланшақ болуы да мүмкін.

 

Сонымен, нашар естушілік қалай пайда болады? Бұл сұраққа жауап бермей тұрып алдымен құлақтың құрылысы жөнінен қысқаша түсінік берейік. Жалпы есту органы үш бөлімнен сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтардан тұрады. Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан құралады. Дыбыс жолының ішкі жағы серіппелі, дәнекерлеп тұратын дабыл жарғағы мен жабылған. Ол сыртқы және ортаңғы құлақты бір-бірінен бөліп тұрады. Сонымен, дабыл жарғағының ар жағында ортаңғы құлақтың қуысы болады. Онда үш есту сүйекшелері бар: біріншісі дабыл жарғағына тиіп тұратын балғашық, екіншісі – үзеңгі ішкі құлаққа баратын ұзынша қуысты жауып тұратын жарғаққа барып тіреледі. Бұл екі сүйекшенің ортасында үшінші сүйекше орналасқан. Ортаңғы құлақтың қуысы Евстахий түтігі арқылы кеңсірік жұтқыншақпен жалғасады. Ол түтік арқылы өтетін ауа дабыл жарғағының ауа қысымын теңестіріп отырады. Ішкі құлақтың құрылысы өте күрделі болып келеді. Ішкі құлақ үш бөліктен тұрады: иірім түтігі, босаға және жартылай имек каналдар. Иірім түтік дыбыс органы болып есептеледі. Оның сезімтал клеткалары — дыбыс тітіркенуін қабылдайтын рецепторлар болып табылады. Ал босаға мен жартылай каналдардың ішіндегі рецепторлардың тітіркенуі адам өз денесінің қалыпты жағдайдағы және жүрген кездегі өзгерістерін қадағалап отырады. Әдеттегі есту қабілеті бар адамдарда дыбыс толқыны сыртқы дыбыс жолы арқылы серпінді дабыл жарғағына жеткеннен кейін, оны тербелте қозғалтады. 

Бұл тербеліс есту сүйекшелерімен сол жақ тесіктің жарғағы арқылы ішкі құлақтың есту жүйкесіне беріліп, ол арқылы ми сыңарлары қыртысының самай бөлігіндегі есту аймағына барады. Ал онда есту түйсігі пайда болып, есту анализі жүргізіледі. Ортаңғы құлақтың қуысына микробтардың енуі арқылы болатын ортаңғы құлақтың күшті талаурауының салдары, естуді нашарлататын себептердің iшiнде бірінші орын алады. Америка ғалымдарының айтуына қарағанда, нашар естушілердің 60 проценті олардың жас кезінде ортаңғы құлақтарының күшті талаурауымен байланысты. Бұл жағдайда нашар естушілік, ортаңғы құлақ қуысының шырышты қабықтарындағы өзгерістер дабыл жарғалының тербелісін бұзуы салдарынан пайда болады.

Кей уақыттарда ортаңғы құлақтың күшті талаурауының салдарынан дабыл жарғағы жарылып, онда тұрақты тесік пайда болады да, құлақтан бұлық ағады және адам өте нашар естиді. Сондықтан біз нашар естуге әкеліп соғатын басқа себептер мен ортаңғы құлақтың күшті тaлaурауының асқынуына тоқталмай ақ, нашар естуге жиі әкеліп соғатын ортаңғы құлақтың күшті тaлaурауының себептерімен одан сақтану жолдары туралы айтпақпыз. Сонымен ортаңғы құлақты, күшті тамаурауының қандай себептері бар? Біріншіден, мұрын қуысы мен оның маңайындағы қуыстардың талаурат ауруының салдарынан болатын Евстахий түтігінің өткізгіштік қабілетінің бүлінуі — ортаңғы құлақтың күшті тaлaурауына әкеліп соғуда ерекше орын алады. Евстахий түтігі (Евстахиа деген ғалымның атымен аталатын түтік) — ортаңғы құлақтың қуысы мен кеңсірік жұтқыншақты жалғастырып тұратын канал. Ол түтік арқылы өтетін ауа дабыл жарғалының екі жағындағы ауа қысымын теңестіріп отырады. Мұндай теңесу адамның әдеттегі есту қабілетіне өте қажет. Евстахий түтігінің өткізгіштік қабілетінің бүлінуі салдарынан сыртқы атмосфералық қысым мен ортаңғы құлақ қуысының арасында айырмашылық пайда болады. Осының салдарынан құлақ нашар естіп, оның ауруы мүмкін. Егер мұндай жағдай ұзаққа созылса, ортаңғы құлақтың талаурауы мүмкін де ондағы есту сүйекшелерінің арасы бірімен байланысы, шала естуге әкеліп соғады. Екіншіден, әр түрлі жұқпалы аурулармен (қызылша, қызамық, туберкулез) ауру салдарынан ортаңғы құлақ қатты талдаурайды. Мұндай жұқпалы аурулармен ауырғанда микробтар ортаңғы құлақтың қуысына Евстахий түтігі арқылы барады. Өйткені жұқпалы аурулар ең алдымен мұрын қуысының былжыр қабықшасы ауруына әкеліп соғады.

Үшіншіден, ортаңғы құлақтың күшті талгvрауы дабыл жарғағының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық немесе тұрмыстық жарақаттануының салдарынан пайда болды. Мұндай жағдайда микробтар ортаңғы құлақтың қуысына бүлінген дабыл жарғағы арқылы барады. Ортаңғы құлақтың күшті тaлaураүы мынадай белгілермен сипатталады: ауырған адамның ыстығы көтеріледі, құлағы қатты ауырып, нашар еститін болады. Мұндай жағдайда бірінші күні-ақ дәрігерге қаралу керек. Өйткені дұрыс және уақытында емделген жағдайда ғана құлақтың күшті тaлaурауы бірнеше күннің ішінде жазылуы мүмкін. Ал емделмеген жағдайда ортаңғы құлақтың тaлaурауы ұзаққа созылып шала естуге әкеліп соғады. Жоғарыда айтқандай, шала естушілік есту органдарының басқа ауруларға шалдыққан жағдайларында да кездеседі. 

Бірақ, ол ортаңғы құлақтың күшті тaлaурауы салдарынан жиі кездесетіндіктен, шала естушіліктен сақтану шаралары негізінен ортаңғы құлақтың талаурауынан сақтануға байланысты болады. Ортаңғы құлақтың талаурауынан сақтану жоғарғы тыныс жолдарының талаурауына бейім адамдар үшін өте маңызды. Мұрын қуысы мен оның маңайынтағы қуыстардың талауpауы ауыруының салдарынан болған Евстахий түтігінің өткізгіштік қабілетінің бүлінуі ортағы құлақтың күшті тaлaурауында өте маңызды орын алатындықтан, егер мұндай аурулар болатын болса, оны емдеп, Евстахий түтігінің өткізгіштік қабілетін калпына келтіру керек. Сонымен нашар еститін адам мұрнымен нашар демалатын болса, ол адам дәрігерге қаралып, мурнымен демалуын қалпына келтіруі қажет. Ортаңғы құлақтың күшті тaлaурауынын басқа да түрлері дабыл жарғақтың жарақаттануы салдарынан пайда болатындықтан өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық тұрмыстық жұмыстарда құлақты жарақаттанудан сақтау керек. Егер құлақ жарақатталатын болса, онда дереу дәрігерге қаралу қажет. Ақырында, ортаңғы құлақтың қатты талаурауы әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыру салдарынан болатындықтан, сақтау шаралары осы ауруларды болдырмауға қарсы жүргізілуі керек. Егер бұл аурулармен ауыра қалса, қолма-қол дәрігерге қаралып, ортаңғы құлақтың қатты талдаурауына жол бермеуге тырысу керек. Инфекциялық аурулардан сақтануда организмнің қарсылық көрсете алу қабілетін күшейту шараларының үлкен маңызы бар. Мысалы, күнделікті дене шынықтыру, қимыл, дене шынықтырумен шұғылдану, денені салқын сумен ысқылау және таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, дәрумендерге бай жақсы тағам ішу тағы да басқа шаралар дененің қарсылық көрсету қабілетін көтеріп, микробтарға қарсы күресуге мүмкіндік береді. Тіпті адам жұқпалы аурумен ауыра қалса да, онда ауру жеңіл түрде өтеді. Егер адам жұқпалы аурулардың бірімен ауырса, ортаңғы құлақтың күшті талаypayilitar сактануда мұрын мен тамақ ауруларын емдеудің үлкен маңызы бар. Біздің тәжірибеміз бойынша мұрынның былжыр қабығына дәрілермен және физикалық әдістермен ықпал ету ортағы құлақтың күшті тaлaурауының бәсеңдеу барысын жақсартады. Әрине, бұдан басқа да негізгі жұқпалы ауруды емдеу қажет және дененің қарсылық көрсеталатын қабілетін көтеру керек (дұрыс тамақтану, витаминдер жеп емделу керек). Жұқпалы ауруламен ауырғанда дұрыс сіңбірудің үлкен маңызы бар. Өйткені мұрынның екі жағын қысып сіңбірген жағдайда,микробтарға толы былжыр кабықтар Евстахий түтігі арқылы ортаңғы құлақтың қуысына кетуі мүмкін. Сондықтан сіңбіргенде ең алдымен мұрынның бір жағын басып, одан кейін екінші жағын басып сіңбіру керек. Ортаңғы құлақ ауырғаннан кейін, кейде дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақтың ішкі қабырғасының арасында тұрақты өзгерістер пайда болып, есту сүйектерін байланыстырады, дабыл жарғағының тербеліп, қозғалар қабілетін нашарлайды. Сөйтіп тала естушілікке әкеліп соғады. Сондықтан, ортаңғы құлақты күшті тaлaурау белгілері жойылғаннан кейін ұзақ уақыт ортаңғы мұрын арқылы үрлеу және дабыл жарғағытта сыртқы дыбыс жолы арқылы пневматикалық массаж жасау ете қажет. Тек осындай күшті, пәрменді емдеу арқылы ғана ортаңғы құлақтың күшті тaлaурауынан кейін пайда болатын шала естушілікті жоюға болады.

 

Сондықтан құлақ толық еститін мүмкіндігіне жеткенше емделу қажет. Егер әрбір адам осы айтылғандарды істесе, онда аса зор қызмет атқаратын органды, біздің санамызды қоректендіретін сөзді қабылдайтын және өзінің есту қабілетін сақтай алатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға