Жаңалықтар

Хамитовтер әулеті Қарағанды облысының ең үздік отбасы атанды

          Хамитовтер әулеті Қарағанды облысының ең үздік отбасы атанды
29.08.2019 12:25 2517

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпазы анықталды. Оған облыстың ең лайықты, үлгілі деген отбасылары қатысты.

          Хамитовтер әулеті Қарағанды облысының ең үздік отбасы атанды

Биылғы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының финалына 15 жанұя шықты. Олардың арасында металлургтер, дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар, кәсіпкерлер мен 10-нан аса этнос әулеті бар. Жеңімпаздарды таңдау оңайға соқпады, себебі барлық қатысушылар жүлделі орынға лайықты болды.

Жүзден жүйрік шыққан отбасыларын марапаттау рәсімі Достық үйінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров жеңімпаздарды құттықтап, айтулы шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

          Хамитовтер әулеті Қарағанды облысының ең үздік отбасы атанды

«Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі және адами құндылықтардың сақтаушысы. Бүгінде мемлекет тарапынан отбасылық демографиялық саясатқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Бақытты отбасы – бұл кез келген қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатының негізі болып табылады. Байқауға қатысқан барлық отбасылар біз үшін, ең алдымен, енді ғана теңін тауып, отбасын құрып, түтін түтетуге ниет еткен жастар үшін үлгі болары анық. Әрбір отбасында туған-туысқа деген ізгі ниеттері нығайып, халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары – төзімділік, еңбекқорлық, туған жерге деген сүйіспеншілік, үлкенге деген құрметі, қонақжайлылық сияқты қасиеттері ұрпақтан-ұрпаққа жете беруіне тілектестігімді білдіремін», - деп атап өтті.

          Хамитовтер әулеті Қарағанды облысының ең үздік отбасы атанды

Ең тату және үздік отбасы деп 7 бала тәрбиелеп отырған қарағандылық Хамитовтер әулеті танылды. Отағасы – кәсіпкер, ал жұбайы – «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері, балабақша желісінің негізін қалаушы, мектепке дейінгі білім берудегі алғашқы қазақстандық франшизаның, «Дарынды бала» және «Дарынды Ана» коворкинг-орталығының авторы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова.

Ендігі кезекте Хамитовтар отбасы қыркүйекте Елордада өтетін республикалық байқауға қатысып, бақтарын сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға