Өңірлік бизнес-инкубаторларға қолдау көрсету жоспарлануда
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен стартаптарды акселерациялауға қолдау көрсетеді, деп хабарлайды EL.KZ.
Инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында өңірлік бизнес-инкубаторларға қолдау көрсетуді жоспарлануда.
Бизнес-инкубаторлар (БИ) – бұл кәсіпкерлерге үй-жайларды жалға беру және консультациялық, бухгалтерлік және заңгерлік қызметтерді көрсету арқылы олардың қызметінің бастапқы кезеңінде қолдау көрсету үшін құрылған ұйымдар.
Бизнесті инкубациялау бағдарламалары кәсіпкерлерге табысты бизнесті дамыту үшін қажетті білім, серіктестік байланыстар және құралдар беру арқылы жаңа бастаған және дамып келе жатқан компаниялардың өсу процестерін жеделдетуге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты жергілікті тақырыптық іс-шараларды өткізу және қажетті инфрақұрылымды құру бойынша қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасында инновациялық кәсіпкерлікке мүдделі адамдардың қоғамдастығын қалыптастыру болып табылады. Қолдау құралдарын танымал ету және QazInnovations өткізетін іс-шаралар мен бағдарламаларды жария ету, өңірлердегі іс-шараларды өткізу кеңістігін қамтамасыз ету болашақта пилоттық өңірлік бизнес-инкубаторларды құруға қабілетті инновациялық экожүйеге қатысушылардың және кәсіпкерлердің өңірлік қоғамдастықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама 2022 жылғы қыркүйек айының үшінші декадасынан бастап жүзеге асырылады.