"Қазтеміртранс" филиалының директоры Усабеков пен "Вадиса М" ЖШС басшысы Таиров жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды және пара берді деп айыпталды.
"Сот үкімімен Усабеков орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жыл жазасын өтейді. Ал пара берген Таиров параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде 24 млн теңге айыппұл төлейді", - делінген хабарламада.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.