Жаңалықтар

«Қазконтент» АҚ қазақтың ұлттық ойыны «Асық атудан» алғашқы республикалық турнир өткізеді

2015 жылдың 20 маусымы күні Астана қаласындағы «Хан-Шатыр» ОСО-да Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Қазконтент» АҚ «Асық атудан» республикалық турнир өткізеді
20.06.2015 09:54 4236

2015 жылдың 20 маусымы күні Астана қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда-саттық орталығында «Қазконтент» АҚ, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, еліміздің белді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында алғаш рет «Асық атудан» республикалық турнир өткізеді. 

Додаға: «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан» РТРК АҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС, «Астана қаласының телеарнасы» ЖШС, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі құрамалары қатысып, өздерінің мергендігін көрсете алады. Жарыс келесі түрлерден өтеді: ерлер үшін – «бес табан», әйелдер үшін – «бес асық».

Сонымен қатар, дода аясында «Асыл-дизайн» сән үйінің негізін қалаушы, Қазақстанның Дизайнерлер одағының мүшесі Айдархан Қалиевтің «Ұлы Даланың Қауырсындары» атты жаңа коллекциясының көрсетілімі жоспарланған. Коллекцияны жасау идеясы «нео-фольклор» стилі, көшпенділердің киім тігу өнері мен дәстүрі және «Жаз-2015» маусымының сән үлгісі тенденцияларының негізінде жасалды. Коллекция авторы Азия мен Еуропа арасындағы балансты мұқият сақтаған, өйткені этникалық мотив киім үлгісінің еуропалық канондарымен жақсы үйлесім тапқан.

Көрсетілімді: «Қазконтент» АҚ қарасты «Bnews.kz», «Baq.kz», «Strategy2050.kz», «Primeminister.kz» ақпараттық агенттіктері мен «E-history.kz», «Adebiportal.kz», «El.kz» интернет-жобалары және «Kaztube.kz» бейнепорталының арулары қамтамасыз етеді.

Турнирді тікелей эфирде El.kz порталынан көре аласыздар. Бар болғаны, жарыс күні тиісті уақытқа сайтымызға кіруіңіз қажет.

Доданы қолдағандар: «Асық ату» республикалық федерациясы,  «Хан-Шатыр» ОСО, «Асыл-дизайн» сән үйі, «AMINA JEWELS Kazakhstan» зергерлік салоны, «PrimaVera» модельдік агенттігі.

Іс-шараның әлеуметтік медиадағы ресми хэштегі – #kazcontent

Өтетін уақыты мен орны: 2015 жылдың 20 маусымы, сағат 14:00, «Хан Шатыр» ОСО атриумы

Турнирдің үйлестірушісі: Аида Малгаздарова, +77172798222, A.Kazybaeva@kzcontent.kz.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға