Жаңалықтар

«Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» зауытындағы апаттың себебі анықталды

Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болып, ауаға күкірт триоксиді таралған болатын
«Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» зауытындағы апаттың себебі анықталды
Фото: jambylinfo.kz 12.07.2022 11:22 2211

Кеше сағат 20: 00-де Қазфосфат минералды тыңайтқыштар ЖШС ЖФ күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алды, зауыттың ақпараты бойынша абсорбердің моногидратты сорғысы істен шыққан. Нәтижесінде газ (күкірт триоксиді) тараған, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

«Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21:20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өлшеп, фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталған (хаттамалардың нәтижесі қоса беріледі). Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ. Сондай-ақ сағат 22: 05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы анықталған жоқ. «Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының ақпараты бойынша қалада ауаның ластануы қалқыма бөлшектер бойынша 1 ШЖК аспайтын деңгейде байқалады», - делінген ақпаратта.

Министрлік дерегінше, зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған Департамент қызметкерлері, сонынан прокуратура органдарында тіркелетін, күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің негізінде «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды, алайда өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып үрлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты, осы орайда ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ. 

«Жоспардан тыс тексеріс барысында, штаттан тыс болған жағдайдың мән-жайын және себептерін анықтау үшін камеральдық бақылау жүргізілетін болады. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы ақпарат ол тіркелгеннен кейін қосымша жіберілетін болады. Қазіргі таңда, Департамент және Қазгидромет мамандары бірлесіп атмосфералық ауаның жай-күйімен сапасына мониторинг жүргізуде. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экология департаментінің өкілдері құрамына кіретін жұмыс тобы құрылғанын қосымша хабарлаймыз», - деп жазды министрлік.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға