Жаңалықтар

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамына биыл - 30 жыл

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамына биыл - 30 жыл
17.01.2019 11:55 2067

Ақтөбедегі Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жиыны өтті.

Оның барысында «Қазақ тілі» қоғамының аудандық басшылары, тілшілер, ғылыми интеллигенция, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мелекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру, тілді үйренуде (оқуда, меңгеруде) заманауи тиімді әдістерді қолдану, «Қазақ тілі» қоғамының» 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар легін талқыланды.  Сонымен қатар, ағымдағы жылы өнеркәсіп мекемелерінде мемлекеттік тілді ақысыз үйрететін курстар санын арттыру, латын қарпіне көшудің маңыздылығы сөз болды. 2018 жылы қоғамның  атқарған жұмыс есебі, 2019 жылдың  жоспары тыңдалды.

Жиынға қатысушылар ҚР беделді журналис, тілмаш Идош Асқарды сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жауып, «Әлейхан Бөкейхановтың» энциклопедиясын сыйға тарту етті.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасының орынбасары Жаңғабыл Қабақбаев өз кезегінде: «Қазақстан – көп ұлттың басын қосушы, біріктіруші ел. Отансүйгіштік қазақ тілін, отан тарихын білуден басталады, сондықтан өскелең ұрпактың рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлкен мән берген жөн» - деп атап өтті.

Жиынға қатысышуларды ҚХА-ның «Қазақтану», «Мен қазақша сөйлеймін» жобаларына белсене атсалысуға  және алдағы уақытта қоғамның жұмысын одан әрі дамытуға барынша ат салысатындықтарын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға