«Қазақтану» жобасы: «Жетісудың музыкалық мұралары»
Талдықорғандағы Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Қазақтану» жобасы аясында «Жетісудың музыкалық мұралары» атты шарасын ұйымдастырып өткізді.
Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, музыканттар, Жетісу композиторлары, "Ардагер әжелер" ансамблінің солистері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар "Қазақтану" жобасының өзектілігін атап өтті. Жоба қоғамды шоғырландыру үрдістеріне қазақ халқының мәдени кодының базалық парадигмаларын кіріктірудің, қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтарды біріктірудің негізі, сондай-ақ үйлесімді этносаралық іс-қимылды құрудың бастауы ретінде қызмет етеді.
Іс-шара барысында энтомәдени бірлестіктердің белсенділері Жетісу жеріндегі музыка өнері туралы баяндама жасап, Жетісу композиторларының шығармаларын орындады.