Жаңалықтар

«Қазақтану» жобасы – қоғамның ұйытқысы

«Қазақтану» жобасы – қоғамның ұйытқысы
23.10.2019 12:13 2881

Тұңғыш Президенттің тапсырмасымен Қазақ­стан халқы ассамб­леясы жаны­нан Ғылыми-сарап­та­малық кеңестің құрыл­ғанына 10 жыл толды. Ға­­лымдар мен қоғам қай­рат­керлерінен құ­рал­ған кеңестің сарапта­ма­лық жұ­­мысы қоғам үшін өте қажет.

Жалпы, кеңес құрамында 31 ғылым докторы, 12 ғылым кан­ди­­даты, сондай-ақ институт бас­шылары, қоғам қайрат­кер­ле­рі өзекті мәселелерді талқы­лай­ды. Сонымен бірге аймақ­тар­дағы ғылыми-сараптамалық топтардың 262 білікті маманы кеңестің жұмысына белсене ара­ласады. Ғылыми-сараптамалық ке­ңес­пен бірлесіп, ҚХА-ның орта­лықтары мен ЖОО-дағы кафе­дралар тиянақты жұмыс атқа­рып жатқан жайы бар. 

Бүгін­гі таңда ҚХА-ның 42 ка­фед­ра-орталықтары еліміздің ЖОО мен колледжінде жастарға мем­лекеттік этносаясаттың ар­тық­шылығын түсіндіруде маңыз­ды рөл атқарып отыр.   Басты мақсат – ассамблея­ның шеңберінде көтеретін мә­селелерге ғылыми-сарапта­ма­­лық шолу жасау, бірлесіп проб­леманың шешімін табу. 

Кеңестің міндеті – елдегі этно­сая­си, әлеуметтік-экономика­лық және конфессиялық даму үрдістерін кешенді сараптама­лық бағалау, осы үдерістердің елде және әлемде дамуын бол­жау, этно­саясаттың өзекті ба­ғыт­тары бойынша ҚХА қыз­ме­тін ғылы­ми-сараптамалық сүйе­мел­деу, этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастар сала­сын­дағы ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын үйлестіру, демо­кра­тия­ны дамытуда, қазақстандық қо­ғамның тұтастығын нығай­ту­да, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретінде ҚХА рөлін күшейтуге жәрдемдесу. 

Биыл Ғылыми-сараптама­лық кеңес Қазақстан халқы ас­самблеясы төрағасының орын­­ба­сары, хатшылық меңгеруші-сі – Ж.Түймебаев, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және кон­фессияаралық қаты­нас­­тар­ды зерттеу орталығының бас­шы­сы А.Сәдуақасова төра­ғалы­ғы­мен бірқатар кездесу мен оты­­рыс өтті. Жиындарда қа­зір­гі кезеңдегі Қазақстан хал­қының бірегейлігі мен бірлігі мәселелері талқыланды. 

Қазақ­стан қоға­мының даму тенден­ция­лары мен этноәлеуметтік құры­л­ымы, сондай-ақ Қазақ­стан Пре­зи­денті Қ.Тоқаевтың «Сын­дар­лы қоғамдық диалог – Қазақстан­ның тұрақтылығы мен өркен­де­уінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы­ның басым бағыттары бойынша жүргізетін жұмыстардың ны­са­­ны айқын­далды. Осы орай­да, ҚХА Ғылы­ми-сарап­та­малық кеңес респуб­лика ішінде де, шет елдерде де көпте­ген ғылыми инс­титут, мұ­ра­ғат және кітап­ха­на­­лармен ты­ғыз қарым-қаты­нас­та екенін атап өткен жөн. 

Он жыл ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңес­тің ғалымдары мен сарапшы­лары­ның бірқатар ғылыми ең­бек­тері жарыққа шықты. Нақ­ты­рақ айтқанда, А.Абуов «Со­вер­шенствование казах­стан­ской модели государствен­но-конфессиональных отноше­ний и межрелигиозного согласия», А.Ахметова «Ғасыр ғибраты», Н.Калашникова «Евразийская экономическая интеграция: энциклопедический справоч­ник. К 25-летию Евразийского проекта 1994-2019», К.Мами, И.Рогова және В.Малиновская «Республика Казахстан: хро­ника утверждения консти­ту­ционализма». «Қоғамдық сана­ны жаңғырту контексінде Н.Назарбаевтың жалпыұлттық келісімі мен бірлігінің қазақ­стандық моделі», «Алаш идея­сы» және «Туған жер» бағдарла­масы мен қоғамдық сананы жаң­ғыр­ту контексінде «Мәңгі­лік ел құндылықтары» тақыры­бында зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеудің авторы – А.Башмаков және С.Сыздықов.

Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері тұрақты негізде түрлі іс-шараларға қатысады, осылайша, олар 60-тан астам халықаралық ғылыми конфе­рен­ция, дөңгелек үстел, пікірта­лас алаңына және этникааралық және конфессияаралық қаты­нас­тар саласында теориялық жұмыстар мен практикалық тәжірибе алмасу жөніндегі басқа да ірі іс-шараларға қатысты. 

Оның ішінде тарихи оқиға – халықаралық ынтымақтастық аясында Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орта­лығы» республикалық мемле­кеттік мекемесі арасында ынты­мақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Рухани жаңғыру» бағдарла­масын жастар арасында түсін­діру үшін кеңес пен топ сарап­шылары студенттер, ма­гис­трант­тар және докторанттарға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеген болатын. 

Бүгінде осы бағдарлама оқу пәндерін жүр­гізуге арналған тиімді құралға айналды. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстанда біріктіруші жалпыұлттық тарихи сананы нығайтуда маңызды жұмыстар жүргізілуде. Бастысы – Қазақстан халқын бі­рік­ті­ретін құндылықтар қалып­тасты­рылуда. 

Баршамызға аян, қоғамды жаңғыртуға ықпал ететін дәс­түр­лер, ұлттық-мәдени тамыр­лар тарихтың іргетасында жа­тыр. Бұл дәстүрден шеттеп қал­­май, Қазақстан халқы ассам­блеясы өзінің рухы мен маз­мұны жағынан рухани жаң­ғырту идеясына сәйкес келе­тін ауқым­ды мәдени-ағартушылық «Қа­зақ­тану» жобасын көпші­лікке танытты. Жоба қазақ мәде­ниетін, тарихын, филосо­фия­сын, қазақ халқының құнды­лық­тарын насихаттауға бағыт­талған. Жобаның арқасында қазақстандық­тар тарихты терең ұғынып, қазақ халқының мәде­ниетімен, салт-дәстүрімен танысуда. 

Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамытуға, жал­пы­қазақстандық құндылық­тар мен қазақстандық патрио­тизмді қалыптастыруға және нығайтуға үлесті. «Қазақтану» ғылыми-ағарту­шылық жобасын жүзеге асыру мақсатында, 21 сарапшы мен кеңес мүшелері Көкшетау, Макинск қалаларындағы және Ақмола облысының Бурабай, Зеренді кентіндегі 15 мекемеде, кәсіпорындарда, жоғары оқу орындарында және мектептерде дәріс өткізді. 

Сонымен қатар Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы қалалар мен ауылдарда дәріс оқыды. Бұл үрдісті Қазақстан­ның басқа аймақтарында да жалғастыру жоспарланып отыр. Аймақтардағы Ғылыми-сараптамалық кеңес пен топтар­дың басты мақсаты – қоғамдық сананы, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретін әлеуетті енгізу үшін жүйе құру, азаматтық қоғамды дамыту. 

Сол себепті ассамблея аясында атқарылатын жұмыстар тек халық үшін, елдің татулығы мен толерантты қарым-қатына­сы үшін, ел игілігі үшін жүзеге асырылмақ. Ғылыми-сарапта­ма­лық кеңестің онжылдық тари­хында атқарылған жұмыс­тар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Шерзод ПУЛАТОВ, 

ҚХА Төрағасының орынбасары

aikyn.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға