Жаңалықтар

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар»

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар»
30.01.2018 07:40 1802

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар» атты тақырыпта, жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Сериев Болат Абдулдаұлының төрағалығымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

2016 жылғы маусымның 28-і тәуелсіз Қазақстан үшін ел өміріндегі ерекше маңызды дата ретінде тарихта қалатыны анық. Күні кеше Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс берудің нәтижесінде дауыс беруге қатысқандардың арасынан 138 мемлекет Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Ал қазақстандық өтінімнің жалғыз бәсекелесі - Таиланд Корольдігі үшін 50-ден астам мемлекет дауыс берген болатын.

Шараға Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, білімгерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Оралов Әбілқайыр Әбенұлы «Елбасы жолдауы -  болашақтың  бағдары» атты тақырыпта баяндама жасады. Өз сөзінде, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы 22-ші Жолдауы – еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына жаңаша серпін беретін, халқымыздың игілігін, кемел келешегін көздейтін шынайылығымен маңызды құжат, жарқын болашақтың басты  бағдары екендігін айтып кетті. Филология ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рахипова Сайра Қасымовна «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі» жайында, «Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету жоғары халықаралық мәртебе болып табылады, себебі Қауіпсіздік Кеңесі мәжбірлеу шараларына, экономикалық санкцияларға немесе ұжымдық әскери әрекеттерге қатысты шешімдер қабылдай алады» деді. Алматы облыстық орыс этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Котельникова Лариса Леонидовна «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар» атты тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ,  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс білімгері Сон Александр, «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс білімгері Ан Алина, «журналистика» мамандығының 2-курс білімгері Оразалы Айзада Елбасының Жолдауы жайында үн қосты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға