Жаңалықтар

«Қазақстан тарихы» веб-порталы Тәуелсіздік күніне арналған байқау ұйымдастырды

«Қазақстан тарихы» веб-порталы «Астана» Ұлттық сурет галереясында ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау өткізді.
12.12.2014 12:52 8330

«Қазақстан тарихы» веб-порталы «Астана» Ұлттық сурет галереясында ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау өткізді. Жүзден астам оқушы бала қатысқан аталмыш байқауға «Қазконтент» АҚ, «Жастар театры» МҚКК және «Баян Сұлу» АҚ демеушілік жасады.

«Қазақстан тарихы» веб-порталы Тәуелсіздік күніне арналған байқау ұйымдастырды

Астана ұлттық сурет галереясының шығармашылық студияларына келіп жүрген өнерлі балалар арасында өтетін бұл байқау алғашқы шаралардың бірі болып табылады.

Іс-шара барысында балалар ән атып, би биледі, «Аттракцион» театр студиясы қатысушыларға арнап ойындар ұйымдастырды, ал қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

«Біздің балаларымыздың барлығы өте дарынды. Олар байқауға  барынша дайындалып жүрді, сондықтан жүзден жүйрікті анықтау қиын», — дейді, «Астана» ұлттық сурет галереясының визуалды өнер бөлімінің жетекшісі Гүлмира Сұлтанбекова. 

Жеңімпазды қалай анықтауға болатынын жұмбақтар байқауын өткізген театр студиясының мүшелері түсіндірді: «Біз мұнда барлығымыз доспыз, сондықтан бір-бірімізге қарап, жымиып, күліп, ду қол шапалақтап қояйық!».

«Қазақстан тарихы» веб-порталы Тәуелсіздік күніне арналған байқау ұйымдастырды

Байқаудың нәтижесі бойынша оның әр қатысушысы грамотамен және есте қаларлық сыйлықпен марапатталды. Ең тапқыр балалар ойын-сауық бағдарламаның жұмбақтарын дұрыс шешіп, «тәтті» сыйлықты алды.

«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау e-history.kz веб-порталы мен Астана ұлттық сурет галереясы ұйымдастырып отырған екінші осындай шара болып табылады. «Терең тарихтан жарқын болашаққа» ұраны (слоганы) ұлттық тарихқа балалардың қызығушылығын оятып, сүйіспеншілігін арттыру мақсатына бағытталған.

Суреттер http://e-history.kz/ сайтынан алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға