Жаңалықтар

"Қазақстан Барысы" 29 маусым күні өтеді!

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің төртінші маусымының ашылуына орай баспасөз-мәслихаты өтті.
12.03.2014 09:08 4470

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің төртінші маусымының ашылуына орай баспасөз-мәслихаты өтті.

"Қазақстан Барысы" 29 маусым күні өтеді!

Айта кетейік, аламан доданың финалдық сынына жолдама алатын балуандар есімі наурыз айында басталатын үш іріктеу кезеңінен кейін анықталады.

Жасы 18-ден асқан, салмағы 80 келіден жоғары кез келген балуан «Қазақстан Барысы» жобасында бақ сынауға, қатысуға мүмкіндігі бар. Финалдық бәсеке биыл 29 маусым күні әдеттегідей «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.

Баспасөз-мәслихатына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы – Тастанбек Есентаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Құмар Ақсақалов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғаммен байланыс департаменті директоры – Айдар Махметов, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы – Арман Шораев, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының Президенті – Бақтияр Артаев, «ҚазСпорт» телеарнасының  директоры – Диас Ахметшарип қатысты.

Тастанбек Есентаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы:

"Қазақстан Барысы" 29 маусым күні өтеді!

– Қазақ күресінен бүгінде елімізде 35 мыңға жуық балалар мен ересектер айналысады. 500-ден астам жаттықтырушылар еңбек етіп жатыр. «Жас Барыс» жобасы да елдің көңілінен шығып жатыр. Биыл қарашада Павлодар қаласында өтетін болады. «Еуразия Барысы» турнирі де биыл жалауын көтерді. Бар мақсатымыз қазақ күресін Азия, Олимпиада бағдарламасына енгізу. «Қазақстан Барысының» іріктеу кезеңі наурыз айынан бастап бірінші ауылдық жерлерде өтеді. Сәуір айынан бастап аудандық, мамыр айында облыстарда ең мықтылардың белдесуі өтеді. Содан озық шыққандар финалдық бәсекеге жолдама алады. Әр облыста топ жарған екі балуан Астанаға келіп допинг бақылау және басқа да медициналық тексерістен өтетін болады. Биылғы турнирдің ерекшелігі, былтыр 12 төреші болса, солардың қатарын 6-ға дейін қысқартып отырмыз. Төрешілеріміз емтихан тапсыратын болады, сол емтихан арқылы ең әділ, ең сауатты 6 төреші анықталып, финалдық кезеңде жұмыс атқарады. Биылғы төрешілер жарыс барысында 1000 АҚШ долларынан ортаға өз қалтасынан ақша салатын болады. Егер қателеспей, жарысты жоғары деңгейде алып шыққан төрешінің әлгі ақшасы қайтарылып, үстіне 5 мың АҚШ доллары қосылып беріледі. Біз әділдікті дәл осылай сынап көрмекпіз. Қазылар алқасы болмайды, тек арнайы төрешілер шешетін болады. Екінші өзгеріс, жеңімпаз балуанның жаттықтырушыларына бұрын 50 мың АҚШ долларын беретін болсақ, биыл 20 мың АҚШ долларына қысқарып отыр. 

жалғасы....

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға