«Қазақ халқына алғыс айту» ескерткішін орнату ұсынысы
Дәл осындай ұсынысты Ақмола облысындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері өңір басшысы Мырзалин М. К. болған кездесудегі қаланы абаттандыру туралы әңгіме барысында білдірді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этностары және басқа да құрылымдарымен кездесу «сұрақ-жауап» форматында өткізілді. Екі сағаттан астам уақытқа жалғасқан кездесу барысында облыс әкімі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-сі мекемелерінің жұмысын жақсарту, дамыту жөніндегі жиынға қатысушылардың қойған маңызды сауалдарына жауап берді.
Кездесуге қатысушылар, аталмыш диалог алаңының мемлкеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өзара қарым-қатынасын жетілдірудегі маңызы жоғары екендігіне тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының алдында өңірдегі бірлік пен келісімді жетілдіру жолында мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар күтіп тұр. Бірлескен еңбектің арқасында барлық көзделген межелердің орындалатына үлкен сенім де бар.
Кездесуді аша отырып, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған Бес әлеуметтік бастамасының облыс көлемінде орындалу барысына Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов, ҚХАА-ның 2018 жылғы жұмысы туралы, медиация институтын дамыту, қайрымдылықты үйлестіру, Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі және ғылыми-сараптамалық топтың қызметтері жөнінде кеңейтілген мәлімет берді.
«Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ Ақмола облыстық филиалының жастар қанатының көшбасшысы Ислам Байрамов ағымдағы жылдың наурыз айында Астана қаласында бастама алған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабының таныстырылымын жасады.
Әңгіме барысында Ақмола облысы поляктар бірлестігінің координаторы Суховецкая Людмила сонау қиын-қыстау заманда депортацияға ұшырап, қазақ жеріне келген халықтарды өз бауырына басқан қазақ халқының кеңпейілділігінің символы ретінде Достық үйінің маңында «Қазақ халқына алғыс айту» ескерткішін орнату туралы ұсыныс айтты.
Суховецкая Л.: «Этномәдени бірлестіктердің төрағалары, менің әріптестерім, «Қазақ халқына алғыс айту» ескерткішінің жобасын жасауда маған өкілеттік берген болатын. Біздің ойымызша, аталмыш ескерткіш қаланың сәнін кіргізіп қана қоймай, көптеген ұрпақтар үшін достық пен бейбітшіліктің символы бола алады», - деген сөздер айтты.
Өз кезегінде, облыс басшысы бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, жақын арада аталмыш архитектуралық туындыны орнату мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.