Жаңалықтар

«Қазақия-2015» блог-сапарының жеңімпаздары анықталды!

2015 жылдың 22 сәуірінде Астанада «Қазақия-2015» блог-сапар байқауы қатысушылары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
23.04.2015 06:21 3592

2015 жылдың 22 сәуірінде Астанада «Қазақия-2015» блог-сапар байқауы қатысушылары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Естеріңізге салсақ, блог-байқаудың іріктеу мерзімі – 26 наурыз бен 10 сәуір, блог-сапар уақыты 11–22 сәуір аралығын қамтыған болатын. Блог-сапар маршрутыкелесі станцияларды қамтыды: Алматы, Сарыөзек, Үштөбе, Аягөз, Риддер, Семей, Ақсу, Екібастұз, Теміртау, Жаңаарқа, Жезқазған, Астана.

«Қазақия-2015» блог-сапарының жеңімпаздары анықталды!

Блог-байқауға қатысушылар әлеуметтік желілер арқылы іріктелді, 50-ге жуық үміткердің арасынан блог-сапар маршруты бойынша ең тартымды жоспар ұсына алған келесі блогерлер іріктелді: Ақбота Мұсабекқызы, Аманбек Мағзұмхан, Амангүл Мадетханқызы, Бижан Садибеков, Мейірман Сауранбек, Нұрбек Бекбау,

Нұрлыхан Қалқаманұлы, Серікбол Хасан, Эльвира Ерғалина. 12 күнде 12 станцияны сапарлап, аз уақытта сапалы өнім ұсынуға тырысқан блогерлік топтың жұмысын Асхат Еркімбай, Аршат Оразов, Тимур Бектұр, Рахат Жақсыбай, Өркен Кенжебек сияқты, құрамында танымал блогерлер мен бастамашыл топтың өкілдері бар қазылар алқасы бағалады.

Байқау нәтижесі келесідей:

1-орын. Нұрбек Бекбау – 500 мың теңге

2-орын. Эльвира Ерғалина – 300 мың теңге

3-орын. Ақбота Мұсабекқызы – 200 мың теңге

Қазылар алқасының айтуынша, Н.Бекбаудың «25 жылда бірде-бір үй соғылмаған қала», «Темір жолдың тамыршысы», «Аягөз: неге Абылай бұл өлкенің атын өзгертпеді?», «Абайды сабаған қазақтың қолын сүйгім келеді», «Осыдан кейін олар жылқыны, біз оларды көрмедік»  деген сияқты жазбалары танымдық, сараптамалық сипатымен ерекшеленіп, қара үзіп шыққан. 

Жобаның мақсаты – әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен Қазақстанды жаңа қырынан таныту, қазақ интернет кеңістігін сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру екені айтылған. Блог-сапар табысты өтіп, жолжазбалар жарысына түскен блогерлер тобының жұмысы қазақтілді әлеуметтік желіде айтарлықтай резонанс тудырды деп айта аламыз. Олар блог-сапар барысында 300-ге жуық жазба жариялады. Аталған жазбаларға 4000-ға жуық қолданушылар пікір білдірді. Қамту аудиториясы – 100 000

Жоба ұйымдастырушылары: «As club» астаналық журналистер клубы мен бастамашы топ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға