Жаңалықтар

«Қазақфильм» қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

Қызметкерлердің еңбекақысы орта есеппен 30% - ға өседі
«Қазақфильм» қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі
Фото: gov.kz 25.08.2022 12:36 1076

1 қыркүйектен бастап Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 30% - ға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа киностудияға сапары барысында баяндалды, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан басқа, инженерлік желілер мен ғимараттарға техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу, сондай-ақ түсірілім павильондарын салу және заманауи жабдықтар сатып алу жүргізілуде.

«Киностудияның барлық инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Біз заманауи киностудия құрғымыз келеді және Орталық Азия өңірінде көшбасшы орынға шығу үшін бар күшімізді саламыз. Бүгінде киноға түсіру жабдығы, жарықтандыру техникасы, серверлік жабдық, деректерді өңдеу орталығы, бейне-дыбыстық монтаждау және анимациялық компьютерлер сатып алынды», - деді киностудия президенті Ақан Сатаев.

Кездесу қорытындысы бойынша мәдениет және спорт министрі киностудияның алдына отандық кинематографияны дамытуға және насихаттауға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

Айта кетейік, биыл киностудияның 14 фильмі 7 халықаралық кинофестивальге қатысып, 10-нан астам жүлдеге ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға