Жаңалықтар

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

Қазақстандағы тұңғыш мультипликатор, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмнің авторы, режиссер Әмен Қайдаров 92 жасқа қараған шағында көз жұмды.
05.02.2015 08:38 14392

Қазақстандағы тұңғыш мультипликатор, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмнің авторы, режиссер Әмен Қайдаров 92 жасқа қараған шағында көз жұмды.

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

Кинорежиссер, суретші Әмен Қайдаров 1923 жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келген. 1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген.

Әмен Қайдаров - Қазақстандағы мультипликациялық жанр іргесін қалаушылардың бірі. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі-түсті «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультипликациялық фильм жасалды. Бұған қоса ол «Құйыршық», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек» атты мультипликациялық фильмдерді жасаған. 1980 жылы Қайдаровқа «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – құрылысшы», «Қырық өтірік» сияқты мультипликациялық фильмдер топтамасы үшін ҚазССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді. Басқа да орден-медальдармен марапатталған.

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген соң «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдарының редакцияларында жұмыс істеді. 1958-1965 жылдары Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетінде оқыды. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді.

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

Бұл туынды Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалында жүлде алды.

Сондай-ақ, Қайдаров «Құйыршық», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек» атты мультипликациялық фильмдерді жасаған. 1980 жылы Қайдаровқа «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – құрылысшы», «Қырық өтірік» сияқты мультипликациялық фильмдер топтамасы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық берілді.

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы»

2013 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы режиссер Әсия Байғожинаның «Әмен Қайдаров. Ертегілер шежіресі» атты деректі фильмінің тұсауын кесті.

Әмен Қайдаров қазақ анимациясына «жан бітіріп» қана қоймай, оның ары қарай өмір сүруі үшін де ерінбей еңбек етті. Оқу орындарына арнайы барып жүріп, өзі қызыққан салаға студенттерді де тартты. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында шәкірт тәрбиелеп, анимация кафедрасының ашылуына да қол жеткізді. Бір қызығы, алғашқыда бұл салаға студенттердің барғысы келмей, «баланың ойыны» деп қараған екен. Бірақ, кейін келе Әмен Қайдаровтың бұл идеясының өміршеңдігіне көздері жетіп, жұмысқа жұмыла кіріскен. Солайша бүгінгі қазақ анимациясының бойына қан жүгірді. Енді ептеп, кітаптағы ертегі кейіпкерлеріне «жан» бітіп, экрандарға шығып жатыр. Осының барлығы бір ғана адамның арқасы, қазақ анимациясының болашағын болжай білген – Әмен атаның еңбегі десек, артық айтқанымыз емес. 


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға