Жаңалықтар

«Қазақ елі – Мәңгілік ел» автокеруені сапарға шықты

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында бүгін Көкшетау қаласынан «Қазақ елі - Мәңгілік ел» автокеруені сапарға шықты.
28.04.2015 05:50 5302

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында бүгін Көкшетау қаласынан «Қазақ елі – Мәңгілік ел» автокеруені сапарға шықты. 

«Қазақ елі – Мәңгілік ел» автокеруені сапарға шықты

Биыл Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында «Қазақ елі – Мәңгілік ел» атты автокеруен аймақтың аудан мен ауылдарын аралайды. Ұйымдастырушылар ақмолалықтарды тамыры терең қазақ тарихымен таныстырып, мерекелік концерт қояды. Көлік керуені алдағы наурыз айында жолға шықпақ. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Қазақ даласының Ұлы тарихы» атты дөңгелек үстел кезінде белгілі болды.  Одан бөлек осы жылы тарих тақырыбында республикалық ақындар айтысы мен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмек. Жиынға қатысушылар белгілі бір іс-шаралармен ғана шектеліп қалмай, ата-тегімізді терең зерттеп, оны жастарға жақсылап жеткізе білуіміз керек деп отыр.

Қазақ хандығының құрылу тарихын зерделеу мақсатында ұйымдастырылған бұл автокеруенге зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, мәдениет саласының қызметкерлері, жастар және журналистер еніп отыр. 


Автокеруенді шығарып салу салтанаты хан Абылай ескерткіші басындағы тағзым ету рәсімімен бастау алды. Бұл шараға облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, соғыс және еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік еме

автокеруен 14-18 сәуір аралығында Еңбекшілдер, Бұланды, Ақкөл және Шортанды аудандарында болып, жергілікті жұртшылықпен кездесулер өткізеді. Одан әрі маусым, тамыз айларында облыстың төрт бағытындағы аудандар мен қалаларды аралауды мақсат етіп отыр. Осылай биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында тағылымды кездесулер өткізетін болады.с ұйымдар және студент жастар өкілдері қатысты.

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында бүгін Көкшетау қаласынан бастау алған «Қазақ елі – Мәңгілік ел» автокеруені алдымен Еңбекшілдер ауданына ат басын тіреді.

«Қазақ елі – Мәңгілік ел» автокеруені сапарға шықты

Автокеруен Степняк қаласындағы аудандық кітапхана мен осындағы ардагерлер хоры және Біржан сал атындағы музыкалық колледж ұжымымен кездесті. Жылы, шырайлы рәуіште өткен кездесу барысында аудан әкімі Асқар Қиықов Қазақ хандығының түптен тартылған тарихы, тұңғиық сыры, ақиық қырандай саңқылдаған жыры қамтылатын мұндай шараның маңызы мен тәрбиелік мәні зор екеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ ол 2015 жылға көзделген осынау мерекелік шаралардың барлығы да елдік мұраттарымызды ұлықтауға, өткеннен сабақ алуға, болашақты бекем ете түсуге бағытталып отырғанын қуанышпен қарсы алды.

Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттау мақсатында шыққан автокеруен құрамындағы шығармашылық ұжымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері Үлгі селолық округінің тұрғындарымен кездесті. Әр сала өкілдерінен топтасқан олар тұрғындардың алуан түрлі сауалдарына жауап беріп, еліміз бойынша қолға алынған Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын бірлесе атап өтуге шақырды.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға