Жаңалықтар

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» 8 жыл

Биыл «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» құрылғанына 8 жыл толды.
28.09.2015 12:26 7698

Биыл «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» құрылғанына 8 жыл толды.  Орталық өз қызметін 2007 жылдың тамыз айының 20-сы жұлдызынан  бастап ұсынды, әрі сол уақыттан бері 50 мыңнан жоғары пациенттерді қабылдады. Ана мен бала орталығына отандастарымызбен қатар Орталық Азия, Еуропа, Америка және Ресейден арнайы келген науқастар қаралады.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басты мақсаттарының бірі –  Орталық Азиядағы педиатрия, балалар хирургиясы, акушерия-гинекология, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулықтары саласындағы жетекші ғылыми-танымдық және емдеу-диагностикалық институты болып қалыптасу.

Клиниканың қуаттылығы 500 жатын орынға есептелген. Медициналық қызмет заманауи талаптарға сай жабдықталған 31 бөлімшеде көрсетіледі, әрі мұнда  пациенттер үшін  барлық жағдай жасалған. Орталық мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша қызмет көрсетумен қатар  жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға келісім-шарт бойынша (отандық және шетелдік сақтандыру мекемелері, дипломатиялық миссиялар) медициналық қызметтерді ұсынады.

 «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» 8 жыл

Мұндағы жетекші мамандар  Орталықта дүниежүзілік алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен ғылыми-техникалық жобаларды енгізіп, пациенттердің қызығушылықтарын ескере отырып оларды емдік-диагностикалық  бағыттарда жоғары деңгейде  қолданады. Сонымен қатар, біліктілігімен әлемді мойындатқан отандық және шетелдік мамандардың қатысумен шеберлік сағаттар  мен түрлі оқытулар ұйымдастырылады. ҚР Ғылым және білім министрлігі 2012 жылы жүргізген Ұлттық рейтингтің қорытындысы бойынша Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ғылыми қызмет көрсеткішінің арқасында  екінші орынға ие болды. Жоғарыда аталғанның барлығы орталықтың еліміздегі ғылыми-тәжірибелік конференция, мастер-класс ұйымдастыратын ірі медициналық клиника болуына ықпал етіп, әрі Назарбаев университеті Медициналық мектебінің дамуына жол ашты.  

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» – 2012 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы кеңісіндегі халықаралық Joint Commission Internationalаккредитациясына қол жеткізген алғашқы клиникалардың бірі. Аталған аккредитация Орталықтың дүниежүзілік стандарттарға сай сапалы қызмет көрсететінін дәлелдейді.

Балалар жілік майының трансплантациясын жасағаны үшін 2013 жылы Орталық жыл сайын өтететін «Фармацевтикалық жұлдыз» атты байқауынның нәтижесі бойынша  «Жыл жаңалығы» марапатына ие болды. Бұл жетістік отандық денсаулық сақтау саласындағы гематоонкология бағытының дамуына әрі нәтижелі көркеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қатерлі дертке шалдыққан балалардың өмірін сақтап қалу деген үміттің өшпеуіне әсер ететіні сөзсіз.

 «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» 8 жыл

2014 жылдың тамыз айында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына  Ұлттық бизнес рейтингі халықаралық одағының  «Сала көшбасшысы 2014» атты сертификаты табысталды.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы осы күнге дейін медицина саласына көптеген  жаңа технологияларды  енгізді. Осындай жаңашылдықтардың бірі шала туылған нәрестелер ретинопатия жобасы бойынша емдеудің «алтын стандарты», көру қабілетін  55-88% -да сақтап қалуға мүмкіндігі бар «көз торының лазерлік коагуляциясы» енгізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, медициналық қызметкерлердің білімін үнемі жетілдіріп, тәжірибе жинақтау Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басты бағыттарының бірі. Орталық ашылғаннан дүниежүзін шеберліктерімен мойындатқан профессорлар, медицина ғылымдарының докторларының қатысумен  130-дан аса шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға