Жаңа әуежай бізді несімен таңқалдырады?

11.04.2017

Астана әуежайындағы жаңа терминал құрылысының аяқталу күні үстіміздегі жылдың 15 мамыры, ал оны пайдалануға енгізу маусым айының басында жоспарланып отыр.

Құрылыс 2014 жылдың қараша айында басталған болатын.

Терминал «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде салынып жатыр.

Астанадағы жаңа әуежайдың құрылысымен швецариялық Malcolm Construction Company компаниясы айналысуда. 

Терминал бюджеті – 60,3 млрд. теңгені құрайды. Соның ішінде 49 млрд. мемлекеттік бюджеттен бөлінді; 11 млрд. теңге – «Қазақстан Даму банкі» АҚ ұзақ мерзімді несие алынды; 300 млн. теңге – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ меншік қаражатынан.

Жаңа терминалдың жалпы көлемі 47 000 шаршы метрге жетіп отыр.

Мұнда жолаушылар мен қол жүгін тексеруге арналған ең жаңа техникалық жабдықтар орнатылған. Багажды тексеру үшін жарылғыш құралдарды және басқа да қауіпті заттарды анықтауға мүмкіндік беретін томограф, рентген-теледидарлық құрылғы орнатылған. Аталған жабдыққа  ұқсас жабдық Қазақстанда жоқ және ол 2020 жылға қарай ғана Еуропалық одақта пайдалану стандарттарына сәйкестендірілетін болады, бұл дегеніміз, Астананың осы жабдықты 2017 жылдан бастап пайдалануы Еуропа стандарттарынан 3 жылға озатынын білдіреді.

Бұл терминалдың ашылуы Астана әуежайының өткізу қабілеттілігін  жылына 3,5 миллионнан 8,2 млн. жолаушыға дейін көбейтеді. Кептеліс уақытында жаңа терминал сағатына 2 525 жолаушыға қызмет көрсете алатын болады.

Читайте также